[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Зейнетақы төлемдері неден тұрады?

    27.09.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Зейнетақы төлемдері неден тұрады?
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен реттеледі. Аталған кодекстің 196-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері тағайындалады.

    Жасына байланысты зейнетақы төлемдері және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі республикалық бюджеттен төленеді. Ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері инвестициялық табыстан және жарналардан қалып­тасады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі үш деңгейден (ынтымақты, базалық және жинақтау­шы зейнетақы) тұрады.
    Ынтымақты зейнетақыны тағайындау 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс­тағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық кіріс негiзге алына отырып жүзеге асырылады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерi ерлерге 63 жасқа толғанда, ал әйелдерге Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында 2023 жылдан 2028 жылға дейін 61 жас болып уақытша бекітілді. Сонымен қатар 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ «Республикалық бюджет» туралы Заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде есептеледі.
    Ынтымақты зейнетақының азайған мөлшері міндетті зейнетақы жарна­лары есебінен қалыптастырылатын жинақтаушы зейнетақының ұлғаюы есебінен өтелуі тиіс (аудару мерзімі неғұрлым ұзағырақ және зейнетақы жарналарының сомасы көбірек болса, оның мөлшері соғұрлым жоғары болады). Осылайша, мемлекет жинақ­таушы зейнетақы жүйесіне көшу кезеңіндегі зейнеткерлерді қолдауды өз міндетіне алып отыр.

    Олжас РАҚЫМБЕКОВ,
    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің

    №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру

    бөлімінің бас маманы

    Ұсынымдар

    Достықтың кілті

    Достықтың кілті

    7 months ago
    Өнім көлемін озық технология арттырады

    Өнім көлемін озық технология арттырады

    7 months ago
    Алматы облысында 5 млн бастан артық мал егілді

    Алматы облысында 5 млн бастан артық мал егілді

    3 years ago
    Касым-Жомарт Токаев провел встречу с главой корпорации Chevron

    Касым-Жомарт Токаев провел встречу с главой корпорации Chevron

    4 months ago
    Алатау қаласында “Ұлы дала тарихы” шарасы өтті

    Алатау қаласында “Ұлы дала тарихы” шарасы өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>