[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өңір дамуында серпін бар

    26.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Өңір дамуында серпін бар
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Сапар барысында бірнеше ауылды, өндіріс орындарын аралады. Сонымен қатар аудан жұртшылығымен есептік кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жос­парларды саралады.

    Облыс әкімі алдымен Қарасу ауылдық округінің аумағында орна­ласқан «BOSAGA Co» ЖШС-на қарасты заманауи кірпіш зауытының құрылыс жұмысына назар аударды. Жаңадан салынып жатқан кәсіпорынмен аймақ басшысын зауыт директоры Қуанбек Ұланбатыр таныстырды. Бұл жобаға 3,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Кірпіш зауытының жобалық қуаттылығы жылына 50 млн дана кірпіш шығаруға есептелген. Онда 50 адам жұмыс істейді, орташа жалақы көлемі – 300 мың теңге. Қазір жоба іске асыру сатысында, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ерекшелігі, ондағы жұмыстың көбі автоматтандырылмақ.
    Бұдан соң облыс әкімі Қарасу ауылдық округі­нің орталығы Сарыбай би ауылының Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Жиынға мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы орган­дардың басшылары, аудан тұрғын­дары қатысты. Жиын барысында халықты толғандырған әлеуметтік мәсе­ле­­лерге баса назар аударылып, шешу жолдары айқындалды.
    Алдымен Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың баяндамасы тыңдалды. Ол 2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша барлық салада әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы байқалғанын айтып, әр салаға жеке-жеке тоқталды. Аудан экономикасының даму негізі  ауыл шаруашылығы болғандықтан, осы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді тарқатты. Бұл аумақтың табиғи-климаттық жағдайы мен жер ресурстары ауыл шаруашылығы өндірісіне ыңғайлы екенін, өнеркәсіп­ті де дамытуға қолайлы мүмкіндік беретінін жеткізді. Соның арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 38,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 109,0 пайыз болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңі­мен салыстырғанда, мал мен құс еті өндірісі 3 пайызға, сиыр сүтін өндіру 4,5 пайызға өскен. Бұл мал шаруа­шылығы­ның тұрақты дамуы мен ауыл тұрғын­дары­ның еңбек өнімділігінің жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар егіс алқабы 106,4 мың гектарға жетіп, былтырғыдан 1 037 гектарға ұлғайды. Қазір егін жинау науқаны қарқынды жүр­гізілуде. 12 450 га күздік бидай,
    35 120 га  жаздық арпа, 350 га сұлы орылып, жалпы 86 365 тонна өнім алын­ды. Ауыл шаруашылығы құрылым­дары қажетті техникамен толық қамта­масыз етілген, жанар-жағармай және басқа да қажетті ресурстар жеткілікті мөлшерде бөлінген.
    Аудан әкімі одан әрі алдағы мал қыстату науқанына дайындық, «Кең дала», «Ауыл аманаты» бағдарламалары, су үнемдеу технологиясын енгізу, су жүйелерін қалпына кел­тіру, пайдаланылмай жатқан жер­лерді анықтап, мемлекетке қайтару бағытын­дағы жұмыстарды тілге тиек етті. Негізгі басымдықтардың бірі болып тұрған инвестиция тарту ісіне де арнайы тоқталды. Жыл басынан ауданның негiзгi капиталына 54,1 млрд теңге инвестиция тартылған. 2028 жылға дейін жалпы құны 883,4 млрд теңге болатын 20 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 9 мың 783 жұмыс орны ашылады. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қазыбек бек» индустриялық аймағы құрылған. Онда жалпы көлемі 980 гектар жер бөлініп, инвесторлар жұмысын бастағалы жатыр. Үлкен ауылында көлемі 400 гектар болатын тағы бір индустриялық аймақ ашу жоспарлануда. Бұл баста­малар ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс орындарын ашуға және жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізеді.
    Өңір басшысы сондай-ақ өнеркәсіп, сауда, салық, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамту сияқты басты салалар бойынша да есеп берді.
    «Алдымызда тұрған міндеттер мен мақсаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беретін ауқымды жұмысты қамтиды. Бұл міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау үшін ауданның әлеуеті де, ресурстары да жеткілікті. Әрбір қолға алынған іс-шараның түпкі нәтижесі – халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы мен өмір сапасының артуына бағытталады», – деп сөзін аяқтады Нұрлан Ертас.
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аудан тұрғындары алдында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады. Өз сөзін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған бірқатар маңызды мәселеден бастады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға баса назар аударылғанын атап өтті. Халықтың қолдауы мен бірлескен еңбектің нәтижесінде биылғы қаңтар-тамыз айларында облыс әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты өсімге қол жеткізгеніне тоқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс республикада 10-орыннан 5-орынға көтеріліп, эконо­микалық әлеует айтарлықтай арта түскен.
    Бұдан арғы сөзінде облыс әкімі елдің экономикалық қуатын арттыру үшін шетелден инвестиция тарту және өңірлік жобаларды сапалы іске асырудың маңыздылығын айтты. Осы тапсырманы орындау аясында облыста жүйелі әрі нақты жұмыстар атқарылып келеді. 2023 жылдан бастап бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, жалпы құны 2,4 трлн теңге болатын 52 меморандумға қол қойылған. Бүгінде облыстың 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфелі 7,9 трлн теңгені құрайтын 216 жобадан тұрады. Бұл жобалар аясында 84,2 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
    Марат Елеусізұлы Үлкен Алматы айналма жолы маңында орналасқан жобалар өңірдің инвести­циялық әлеуетін арттырып, оны ірі логистикалық және өндірістік хабқа айналдыратынын сөз етті. Олардың қатарында картоп чипсы­ларын өндіретін «PepsiCo», темекі бұйымдарын шығаратын «KT&G»,«A» класты қоймалар бойынша OZON-мен бірлескен «Focus Logistics», «Строитель 98» сияқты шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асып жатқан ірі жобалар бар. Сонымен қатар құрылыс материалдарын шығаратын «Алтын таға» компаниясы мен «Imagine Apple Logistics» серіктестігінің логистикалық орталығы сияқты отандық инвесторлар да белсенді қатысуда. Бұл жобалар өңірдің өндірістік құрылымын әр­тараптандырып, экспорттық бағыт­тағы кәсіпорындарды дамытудың нақты үлгісіне айналуда. Әрі жаңа жұмыс орындарының құрылуына және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Болашақта Алматы маңындағы индустриялық аймақ инновациялық және экспорттық компанияларды тартудың маңызды орталығына айналмақ.
    Баяндамада бұдан өзге де ауқымды жобалардың, құрылып жат­қан индустриялдық аймақтардың маңызы туралы айтылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы 8 ай көрсеткіші бойынша облысқа тартылған инвестиция көлемі 16,9 пайызға өсіп, 618,6 млрд теңгеге жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 трлн 300 млрд теңгеден асады деп күтілуде.
    «Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы эконо­миканы шикізатқа тәуелділіктен арылтып, орнықты өсімге жеткізу қажеттігін атап өтті. Облысымызда инвестициялық портфельдегі жоба­лардың шамамен 40 пайызы (85 жоба) өнеркәсіп саласына тиесілі, бұл өңірдің индустриялық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Айта кетерлігі, өнеркәсіп облыстың жалпы өңірлік өнімінің үштен бірін, яғни 30 пайызын құрайды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 89,5 пайыз. Биыл облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,2 трлн теңгеге дейін жеткізіледі деп жоспарлануда. Жамбыл ауданы өнеркәсіп өнімі көлемі бойынша облыста 7-орында, оның жалпы облыстық үлесі 1,7 пайызды ғана құрайды», – деді облыс әкімі.
    Аймақ басшысы ауыл тұрғын­дарының әл-ауқатын жақсарту және аграрлық бизнесті дамыту мақсатындағы жұмыстарды, туризм, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік жайын жан-жақты тарқатты.
    Кездесудің екінші бөлімінде залдан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Тұрғындар тарапынан негізінен инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге байланысты сауалдар көп қойылды. Атап айтқанда, өңір тұрғындары Қарақыстақ ауылының Дүйсенбиев көшесін, Мыңбаев ауылының Абай көшесін, Еңбекшіарал ауылының жаңа тұрғын үй орамындағы Айдарлы көшесін асфальттау, Қарасай ауылы­ның ескі трансформаторын ауыстыру, Сарыбай би ауылына спорт кешенін, Қасымбек ауылына дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу, Жайсаң ауылының орталық көшесін жарықтандыру, Қастек ауылындағы ұзаққа созылып кеткен ауызсу жүйесінің құрылысын аяқтау, Үмбетәлі ауылының Мұсабаев көшесін асфальттау мен елдімекенге Мәдениет үйін салу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттен субсидия бөлу жайлы сұрады. Бұл сауалдарға облыс басшысы, аудан әкімі мен басқарма, бөлім басшылары жауап берді. Сондай-ақ облыс пен ауданның Құрметті азаматы Әскербек Абаев сөз алып, атқарылған жұмысқа көңілі толатынын білдірді. Жиынды аймақ басшысы қорытындылады.
    Сол күні облыс әкімі Марат Елеусізұлы Теміржол ауылдық округіне қарасты Қазыбек бек бекетіндегі автокомпоненттер мен автомобиль аксессуарларын өндіретін «Qaz Elasto Plast» ЖШС зауытының жұмыс барысымен танысты. Зауыт биыл ғана іске қосылған. Оған 600 млн теңге инвестиция тартылған. Мұнда Қазақстанның автоөндірушілеріне қажетті автокомпоненттер өндірісі жолға қойылған. Яғни автокөлікке арналған төсеніш, кілемше, шашырат­қыш, тығыздағыш резеңке таспалар сияқты заттар шығарылады. Жылдық өндірістік қуаттылығы – 150 мың жиынтық автополик. Мұнда 30 адам еңбек етеді, орташа жалақылары – 250 мың теңге. Сонымен қатар бекеттегі «ЗОК Күрті» тас өңдеу зауытының жұмысын көрді. Кәсіпорынның жұмыс барысын директоры Антон Приходько баяндады. Зауыт 2016 жылы іске қосылған. Тартылған инвестиция сомасы – 3,5 млрд теңге. Зауытта табиғи тастар кесіліп, өңделіп, әрлеу жұмысы жүргізіледі. Граниттен тақтатас шығарылады. Өнімі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанға экспортталады. Жылдық өндірістік қуаттылығы – 1 500,0 шаршы метр. 100 адам жұмыс істейді, орташа жалақы мөлшері – 250 мың теңге.
    Облыс әкімі Теміржол ауылдық округіндегі «Қазыбек бек» индус­триялық аймағының ашылу салтана­тына қатысты. Аталған аймақ 2022 жылдың қыркүйегінде құрылған болатын. Бұл мақсатқа 900 гектардан астам жер телімі бөлінген. Қазіргі кезде инвесторлар саны – 10. Инвести­циялардың жалпы сомасы – 453 млрд теңге, ал жұмыс орындарының саны – 2395. Негізгі қызмет түрі – металлургия және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау және өнеркәсіптік жабдықтар өндірісі,  жүктерді сақтау. Жобаны іске асыру уақыты 2027-2029 жылдар деп белгіленген.
    Осылайша өңір халқымен кездесіп, атқарылып жатқан істерді көзбен көрген облыс басшысы Жамбыл ауданының даму әлеуетіне зор сенім білдірді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    11 months ago
    Жазушы Мұхтар Мағауин өмірден озды

    Жазушы Мұхтар Мағауин өмірден озды

    9 months ago
    Тұлға туған топырақ

    Тұлға туған топырақ

    2 years ago
    Тарихты тану – тағылымды іс!

    Тарихты тану – тағылымды іс!

    10 months ago
    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>