⛅
-21°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Өтініштер аяқсыз қалмайды

    01.10.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Өтініштер аяқсыз қалмайды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев «AMANAT» партиясы облыстық филиалында азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарға қатысты мәселелерді ортаға салды.

    Ең әуелі сөз алған Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылының тұрғыны әрі аудандық мәслихат депутаты Шаагзам Купидинов ауылда электр қуаты жиі үзіліп, бұл тұрмыстық тұрғыда да, әлеуметтік нысандардың жұмысында да айтарлықтай қиындық туғызып отырғанын айтты.
    Әкімнің сөзінше, Тұздыбастау ауылын электрмен қамтамасыз етіп отырған №13 қосалқы стансаның қуаты жеткіліксіз.
    «Бұл мәселені шешу үшін мем­лекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2026-2027 жылдары жаңа «Белбұлақ» қосалқы стансасын салу жоспарланған. Сонымен қатар №13 стансадағы жүктемені азайту мақсатында Алматы қаласы әкімдігі тарапынан жаңа тарату пунктінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысан 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Осыдан кейін Тұздыбастау ішіндегі электр желілерін жаңарту қарастырылады», – деді облыс басшысы.
    Энергетика мәселесінен кейін тұрғындар білім жайын қозғады. Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоған ауылы­ның тұрғыны, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Хачиз Сумазова ауылға жаңа мектеп салынса деген өтінішін жеткізді. Оның айтуынша, қолданыстағы ғимараттардың бірі – 1950 жылы, екіншісі 1983 жылы салынған. Екеуі де күрделі жөндеу көрмеген. Қазір 165 оқушы екі ауысыммен білім алып жүр, спорт және мәжіліс залдары жоқ. Әкім бұл сауалға да нақты деректермен жауап берді.
    «Ақтоған ауылына 180 орынды жаңа мектеп салуға жобалық-сметалық құжаттама дайын. Жобаның құны – 2,6 млрд теңге. Мемлекеттік сараптамадан өткен. Алайда қазір облыста ең алдымен үшауысымды оқыту проблемасын шешу басты міндет болып отыр. Сондықтан Ақтоғандағы мектеп мәселесі алдағы уақытта қаржылық мүмкіндікке қарай қарастырылады», – деді Марат Сұлтанғазиев.
    Көтерілген үшінші мәселе – ауызсу. Іле ауданының тұрғыны Абдрахман Смайылов Ащыбұлақ ауылдық округіндегі «Жомарт» саяжайында су жүйесінің құрылысы тоқтап қалғанын айтып, оны аяқтап беруді сұрады. Бұл жолы да әкім нақты жобалық мәліметтерді келтірді.
    «Жобада 18,7 шақырым магистраль­дық су құбыры желілерін салу, үш су алу ұңғымасын бұрғылау, әрқайсысы 500 текше метрлік екі су қоймасын орнату және екінші көтергіш сорғы стансасын салу көзделген. Қазіргі таңда құбыр төсеу мен үш ұңғыманы бұрғылау аяқталды. Құрылысты толық бітіру үшін облыстық бюджеттен қосымша 700 млн теңге қажет. Өткен жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 441,4 млн теңге бөлінді. Ал биыл тағы 50 млн теңге қарастырылған», – деді аймақ басшысы.
    Қабылдау барысында тұрғындарға заңдық тұрғыдан түсініктеме беріліп, кейбір мәселелер бойынша жауап сол жерде айтылды. Әкім әрбір өтінішті жеке бақылауына алатынын жеткізді.
    Айта кетейік, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен өтініштер назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбір мәселені зерделеп, шешімін заң талаптарына сәйкес қарастырады. Тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына eGov порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы тіркеле алады.

    Мәди Сайділдин,
    «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының

    баспасөз хатшысы

    Ұсынымдар

    Марат Сұлтанғазиев

    Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды

    3 years ago
    Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты үндеу жолдады

    Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты үндеу жолдады

    2 years ago
    Агросала ажарын айқындайды

    Агросала ажарын айқындайды

    3 months ago
    Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

    Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

    5 months ago
    Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы

    Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>