[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Оқушыларды отаншылдыққа баулыған

    04.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Оқушыларды отаншылдыққа баулыған
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Ұрпақ тәрбиесі – бүкіл ұлттың болашағына жасалған үлкен қамқорлық пен шексіз мейірімнің мінсіз үлгісі. Рухты ұл-қыздардың, жалындаған жігерлі жастардың өсіп-өнуіне үлгі-өнеге болып, бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп жүрген жандар аз емес. Осынау киелі міндетті мойнына алып, жас ұрпақтың елі мен жеріне деген құрметін мектеп қабырғасынан оятып, оқушылардың бойына патриотизм рухын сіңіретін алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің еңбегі ерекше. Ұрпақ тәрбиесі сынды ұлы іске саналы ғұмырын арнаған азаматтың бірі – запастағы капитан, ардагер-ұстаз Әсет Алжанбай.

    Болашақ Отан қорғаушыларды әскери өмірдің әліппесімен таныс­тырып, туған жердің туын биік ұстар, жалынды жас, адал азамат тәрбиесіне тереңнен ден қойып, талай жыл білім саласында еңбек еткен Әсет Көшербайұлы бүгінде жетпістің ортасына келді. Десе де, жастайынан қоғам өміріне белсене араласып, үнемі көптің ішінде, топтың басында жүрген ағамыз қоғамнан сырт қалмай, қарым-қабілеті мен көрген-білгенін соңынан ерген жас мұғалімдерге үлгі етіп, білім ошақтарында ұрпақ тәрбиесіне қатысты іс-шаралар ұйымдастырып, аудандағы ауқымды істердің басы-қасында жүр.
    Биыл Әсет Көшербайұлы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-полковник, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларының ардагері, Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаев және ардагер-полковник Қараби Мұқамбетқалиевпен Шелек политехникалық колледжінде керемет кездесу ұйымдастырды. Оқушылар ғана емес, мұғалімдер де бұл басқосуда өмірлік азық болар мол мағлұмат алды. Сын сағатта тәуекелге барып, бір отбасын жалындаған өрттен аман сақтап қалған Халық қаһарманы Азамат Жұмаділовпен аудандағы бірнеше мектепте кездесу ұйымдастырған Әсет аға жастарға үлгі болар осындай арда азаматтардың игі істерімен өскелең ұрпаққа азаматтық борыштың не екенін шынайы мысалдармен түсіндіріп, балалардың бойына батылдық пен қайсарлықтың дәнегін себуді міндет санайды. Бұл парызды адал атқарып, ел алдында еңсесін биік ұстап жүрген ағамыз биылдың өзінде аудандағы білім ошақтары мен Мәдениет үйлерінде бірталай іс-шараның өтуіне мұрындық болды. Оның ішінде қоғамға белгілі, елге еңбегі сіңген, өз саласының майталмандарымен өткен кездесулердің ел есінде көпке сақталып, басқосулардан алған әсер балаларға қанат бітіріп, жадында жатталып қалары сөзсіз.
    «Саналы ұрпақ – сапалы болашақ­тың кепілі» дегенді ту етіп, жігерлі жастардың тәрбиесіне барынша үлес қосып, білім саласында еңбек етіп, 28 жыл әскери ұстаз болған Әсет Көшербайұлының осынау еңбегі ешқашан елеусіз қалған емес. Әркез аудан, облыс басшылығының атынан Алғыс хат алып жүрген ағамыз биылғы мерейтойында ТМД елдеріне танымал генералдар бастаған, облыстық, аудандық қорғаныс істері, білім басқармасы, облыстық кәсіподақ, аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы атынан құрмет-қошеметке ие болды. Алматы қаласындағы Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы Б.Дәркенбаев «Панфилов дивизиясының құрылғанына 75 жыл» төсбелгісін тапсырса, Д.Қонаев қорының вице-президенті Д.Жанботаев Қонаев атындағы «Мерей» орденімен марапаттады.
    «Капитан шеніндегі бар мені Ащыбұлақ ауылындағы интернационалист-жауынгер А.Бубенцов атындағы орта мектебіне директордың әскери патриоттық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары етіп жіберді. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі тек сабақ берумен шектелмей, мектеп оқушыларына әскери патриоттық тәрбие беруде өткізілетін іс-шаралар, кездесу-жиындардың маңызы зор. Сол басқосуларда оқушылар аңыз адамдардың өмір жолын өнеге тұтып, ақсақалдардың ақ батасын алып, үлкендерге қарап бой түзесе деген алдыма үлкен міндет қойдым. Ол міндетімді шамам келгенінше атқардым», – деген Әсет аға ұстаздық ете жүріп, балалармен бірге көп жақсының батасын алғанын айтты. Иә, ақсақалдардың ақ батасы мен жол көрсетер ағалар барда ел абыройын асқақтатар ұл-қыздарымыздың қатары арта бермек.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    МӘМС-ке биыл кім қанша жарна төлейді?

    МӘМС-ке биыл кім қанша жарна төлейді?

    2 years ago
    АҚЫНЫ БАР ЕЛ БАҚЫТТЫ

    АҚЫНЫ БАР ЕЛ БАҚЫТТЫ

    11 months ago
    Ән бесігі – Алатау

    Ән бесігі – Алатау

    10 months ago
    Еңбегімен ер атанған

    Еңбегімен ер атанған

    12 months ago
    Адам құқығының қорғаны

    Адам құқығының қорғаны

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>