⛅
-6°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында тарифтер төмендеді – тұтынушылар шығыны азайды

    17.10.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында тарифтер төмендеді – тұтынушылар шығыны азайды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           2025 жылдың 9 айында Алматы облысында табиғи монополиялар саласында бірқатар қызмет түрлеріне тарифтер төмендеді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Утегенова Гүлмира өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
    1 қазаннан бастап «Қонаев су арнасы» МКК бойынша халық үшін ауыз су тарифі 87,36 теңгеден 76,25 теңгеге дейін, ал су бұру қызметі 79,12 теңгеден 66 теңгеге дейін төмендеген. Бұл – тиісінше 12,72% және 16,51% төмендеу деген сөз.
    Сондай-ақ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы бойынша тұрғындар төлейтін электр энергиясының орташа тарифі 11,61%-ға төмендеп, 35,67 теңгеден 31,53 теңгеге азайды.
    “Тарифтерді төмендету арқылы халыққа түсетін салмақ жеңілдеді. Бұл – реттеуші орган қабылдаған нақты шешімдердің нәтижесі,” – деді Гүлмира Утегенова.
    Жыл басынан бері департаментке тарифтерді бекітуге 283 өтінім түсіп, оның 69-ы мақұлданған, 180 өтінім қабылданбаған. Қалған өтінімдер қаралу үстінде.
    “Біз тарифтерді реттеумен қатар, заң талаптарының орындалуын да бақылауда ұстаймыз,” – деді спикер.
    Оның айтуынша, жыл басынан бері 5 жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 23,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Айыппұлдардың 9,4 млн теңгесі бюджетке өндірілді. Заңбұзушылықтарды жою туралы 4 нұсқама енгізілген.
    Баспасөз мәслихатында спикер сонымен қатар энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту бағытында іске асырылып жатқан жобаларға да тоқталды. 2026 жылы «Қонаев су арнасы» желілерін жаңартуға 2,4 млрд теңге, ал 2027 жылы «Жылу орталығы» бойынша 1,5 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінуі жоспарланып отыр.
    “Біздің мақсат – тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу және тұтынушылар үшін қызмет сапасын арттыру,” – деді Утегенова Гүлмира.

    Ұсынымдар

    Мүмкіндігі мол жоба

    Мүмкіндігі мол жоба

    3 months ago
    Кәсіпкерлерге жер берудің жаңа тәртібі түсіндірілді

    Кәсіпкерлерге жер берудің жаңа тәртібі түсіндірілді

    2 years ago
    Ғасыр жасаған кейуана

    Ғасыр жасаған кейуана

    1 year ago
    Журналист мамандығын даярлаудағы жаңашылдық

    Журналист мамандығын даярлаудағы жаңашылдық

    6 months ago
    Қорым маңы қоқысқа толы

    Қорым маңы қоқысқа толы

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>