[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Медиация – татуластыру тетігі

    05.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Медиация – татуластыру тетігі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Қонаев қаласында облыс әкімінің міндетін атқарушы Қанат Есболатовтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Медиация және этномедиация қақтығыс жағдайларын шешу құралы» тақырыбында жиын өтті.

    Этносаралық сипаттағы дауларды шешу әдістері туралы ұсыныстар айтылып, оларды жүзеге асыру жайы сөз болған басқосуда алғашқы сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Жақыпов «Елдесу және татуласу» жобасы аясында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
    – Алматы облысының этникалық әралуандығын ескерсек, медиация саласын жетілдіру және оның қолжетімділігін арттыру айрықша маңызды. «Елдесу және татуласу» жобасы аясында биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 2 қала мен 9 ауданда кездесу, семинар, оқыту курсы, дөңгелек үстел, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде тұрғындар тарапынан келіп түскен арыздардың 13-і сотқа дейін шешіліп, екі тарап бір-бірімен келісімге келді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес отырысында берілген тапсырмаға сәйкес этномедиация саласының жұмысын жетілдіру мақсатында биыл қоғамдық келісім және даму орталығы тарапынан Қонаев қаласында кәсіби медиаторларды оқыту курсы ұйымдастырылды. Бүгінде кәсіби медиаторлардың саны 2-ден 17-ге артты. Сонымен қатар Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында өткен «Этномедиация – келісім аумағы» атты семинар-тренингке республикалық медиация кеңесінің төрағасы мен педагогика және психология ғылымдарының магистрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға оқытушысы келіп, этносаралық тұрақтылық пен келісімді сақтауда медиацияның маңыздылығы мен рөлі жайында сөз қозғады. Мониторинг қорытындысына сәйкес есепті кезеңде республика бойынша Алматы облысы ең жоғарғы көрсеткішке ие болды, – деді басқарма басшысы.
    Одан кейін ҚХА мүшесі, кәсіби медиатор Адам Бойсаев сөз алып, этномедиация тетіктері түрлі этнос өкілдері арасындағы сенім мен өзара сыйластықты арттыруға ықпал ететінін, биыл өзінің кәсіби этномедиация саласы бойынша білім алғанын айта келе, бұл тәжірибе қоғамдағы келісім мен түсіністікті нығайту ісінде үлкен маңызға ие болғанын жеткізді.
    Келесі кезекте «Элефтерия» Алматы облысының гректер қоғамы» қоғам­дық бірлестігінің төрағасы Наталья Тифанцидидің баяндамасы тыңдалды.
    – Қазіргі кезде мектептегі қауіпсіздік өткір мәселе болып тұрғаны жасырын емес. Кейде оқушылар арасындағы тұрмыстық жанжал ересектердің наразылығын тудырады және этносаралық жанжалға айналады. Осы орайда білім ошақтарында мектеп медиациясы қызметін құру маңызды. Бұл мақсатта мектептер мен колледждерде дөңгелек үстел, сынып сағаты, әңгімелесу, коучингтер өткізілді. Мектептің медиативтік қызметі жанжалды шешуге, оның себебі мен қозғаушы күшін анықтауға, алдын алуға мүмкіндік береді. Медиация қызметін оқушылар арасында ғана емес, мұғалімдер мен ата-аналар арасында да кеңінен насихаттауымыз қажет. Осы ретте бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысатын мобильді топ құру туралы ұсынысым бар. Өйткені мектептің медиация қызметі мәселелерді бейбіт жолмен шешу, зорлық-зомбылық деңгейін төмендету және жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін қажет, – деді Наталья Алексеевна.
    ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, «Ronai» күрд этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гамзе Гейдаров этномедиация келісімді нығайтудың заманауи құралы екенін алға тартты. Бұл ретте Іле ауданында құрылтай комитеті құрылғанын, оның құрамына барлық этностың өкілдері кіретінін, бұл ұйым этномедиация мәдениетін кеңейте отырып, адамдар арасындағы сенім мен өзара сыйластыққа жол ашатынын тілге тиек етті.
    Келесі сөз Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, ҚХА депутаттық топ мүшесі Меруерт Молдашеваға берілді.
    – Медиация – тек құқықтық институт емес, ол өзара түсіністік пен сенімге құрылған мәдениет. Ал этномедиация – этностар арасындағы өзара құрмет пен сыйластықтың алтын көпірі. Осы тұрғыда мен ерекше тоқталғым келетін бағыт – «Ана медиациясы». Аналар өмірлік тәжірибесі мен мәмілегерлік қасиеті арқылы қоғамдағы түрлі деңгейдегі шиеленістерді шеше алады. Бұл ретте аналар кеңестері мен әйелдер қанаттарының қызметі ерекше маңызға ие. Алматы облысында аналар кеңестері отбасы, тұрмыс, ұрпақ тәрбиесі және этносаралық қатынас салаларында қоғамдық келісім мен түсіністік мәдениетін қалыптастыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде. Көптеген жағдайда дау-дамайлар сотқа жетпей, аналардың сабыры мен даналығының арқасында шешімін табуда. Этномедиация тұрғысынан да аналардың орны ерекше. Олар бала тәрбиесі арқылы бейбіт өмірдің, татулық пен төзімділіктің негізін қалайды. Сол арқылы аналар этносаралық келісімнің басты дәнекері болып келеді, – деген Меруерт Сағындыққызы ана медиациясы тек бітімгершілік тәсіл емес, рухани келісім мәдениетінің өзегі екенін шегелеп айтты.
    Жиынды қорытындылаған Қанат Болатұлы басқосуда этномедиацияның қоғамдағы орны мен маңызы жайлы терең әрі мазмұнды ойлар айтылғанын, мектеп медиациясынан бастап «Ана медиатор» институтына дейінгі әртүрлі деңгейдегі бастамалар бұл бағыттағы табанды еңбектің көрінісі болатынын жеткізді. Сондай-ақ этномедиаторлардың қызметі этносаралық қатынастарды реттеуде таптырмас құрал екенін тағы да атап өтті. Мектеп және ана медиациясын дамыту дауларды өркениетті жолмен шешу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін алға тартты.
    Жиын соңында қатысушылардың пікірін білу мақсатында Меруерт Молдашевамен бірауыз тілдескен едік.
    – Бүгін өткен «Елдесу және татуласу» жобасы аясындағы «Медиация және этномедиация қақтығыс жағдайларын шешу құралы» атты басқосу өте мазмұнды әрі әсерлі өтті. Бұл шараны қоғамдағы бейбітшілік пен татулықты нығайту жолындағы маңызды қадам деп есептеймін. Медиация – тек құқықтық тетік қана емес, адамдар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластық мәдениеті. Әсіресе аналарымыздың парасаты мен мейірімі арқылы қоғамда бейбіт қарым-қатынас орнату идеясын көңілге қонымды, өміршең бастама деп санаймын. Осындай іс-шаралардың жиі өтіп тұруы ел ішіндегі татулық пен келісімді арттырып, ортақ құндылықтарымызды жаңғыртуға зор үлес қосатыны даусыз, – деді Меруерт Сағындыққызы.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Аким Алматинской области Марат Султангазиев прибыл на горящий полигон ТБО

    Аким Алматинской области Марат Султангазиев прибыл на горящий полигон ТБО

    4 months ago
    Талай адамның өмірін ұзартты

    Талай адамның өмірін ұзартты

    11 months ago
    Салық есептілігін ұсыну бойынша

    Салық есептілігін ұсыну бойынша

    5 days ago
    Қазақстан Халық партиясы Парламентке баратын депутаттарын бекітті

    Қазақстан Халық партиясы Парламентке баратын депутаттарын бекітті

    3 years ago
    Алматы облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Ашықтыққа негізделген

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>