Перейти к содержимому
Главная страница » «Сенімен болашақ» – баланың шашбауын көтерген ұлағатты ұйым

«Сенімен болашақ» – баланың шашбауын көтерген ұлағатты ұйым

«Сенімен болашақ» қоғамдық-бірлестігі – ата-ана мен білім алушы тікелей қатыстырылған отбасы институтын жандандырушы ұйым. Елді біріктірген бастама отбасы құндылықтарын, салт-дәстүрді, гуманизмді дәріптейді. Бірлестік құрылтайшысы – Нұркен Жарылқапұлы Асанов. Ұйымның бес жылдығына орай хроникасына аз-кем тоқталып, атқарған еңбегін бағалап өтпекшіміз.
Қоғамдық бірлестік 2021 жылғы 28 шілдеде бой түзеп, бүгінде еліміздің 16 өңірінде филиалдары жұмысын атқарып келеді. Құрылған мерзім ішінде бірлестік 126 мыңнан астам ата-ананы қамтыған 16 910 іс-шара өткізген болатын. Оның ішінде: 57 ірі форум (әр форумға 300–800 адам қатысты); 5 симпозиум; 3 767 оқыту семинары; 300 отбасылық байқау. Ай сайын өңірлік филиалдар 100-ден 200-ге дейін іс-шара ұйымдастырып отыр. Бірлестік қатарына еліміздің түкпір-түкпірінен 160 мыңға жуық ата-ана мүше болды. Бұған бірқатар себептің мәнісін түйінді түрде тарқатып айтып өтсек: 1. Білім беру үдерісіндегі күнделікті жаңа заңнамалар мен ережелердің қабылдануы; Ата-ана мен оқушының ақпараттану мен ұстануы керек нормативті ережелермен білім беру ұйымдарының түсіндіру жұмыстары аясында жүзеге асырылып жатқан мәселелердің оң шешіміне ықпал ету мақсатындағы бастаманың маңыздылығының артуы. 2. Білім беру ісіндегі жоғары бәсекелестік – баланың болашағына қатысты алаңдаушылықтан туған ата-ана ғана дербес жетекшілік ете алатын жауапкершілік санатынан еселене түсетін қадамдар. 3. Баланың кез келген білім беру мекемесіндегі өмірі – алғашқы, танымдық әлеуметтенуші ортасы болғандықтан, психологиялық, физиологиялық, медициналық, интеллектуалдық аспектідегі т.б. түрлі жағдайына байланысты назарда ұстап отыратын бақылаушы, сүйемелдеуші де психолог-кеңесші мамандардың көмегіне жүгіну арқылы күрделі күйзелістерден сақтау, алдын алу немесе қиындықтарды бірге еңсеруге болатынына баланың бойына сенім ұялату мен қайсарлықты дарыту, қоғамдық негізде заманауи тенденцияларды сүзгіден өткізе білетін қалқан қалыптастыруға деген ұмтылыстарды көреміз. 4.Ғаламтор шырмауынан бас сауғалау да жоқ емес. Бүгіндері білімді арнаулы онлайн жүйеде алуға болатыны белгілі, ал шынайы өмір мәнді жақындықты талап етеді. Тағылымды өнегені біз тек көзайым кездесулер мен ата-ана жиналысына стратегиялық бағыты ұқсас методологиялық, психологиялық әр түрлі мастер-кластарға қатысу арқылы алатынымыз да, оған бейімделе кеткеніміз де осы жарқын тенденцияның эффектісі. Кез келген өңірлі аймақ тауға серуен, табиғаттағы экскурсиялық жорық сабақтар, профилактикалық, дискустық, лекциялық сабақтардан шет қалмауы үшін платформада құзіреті айқындалған кәсіби мамандардан педагог, ата-ана, оқушы, студент консультация алып, өз бастамасын серпінді түрде жүзеге асыра алады. Ұйымның құрылымы үш тұғырлы міндеткерлер арасында қоғамдық-шығармашылық шараларды атқаруды негізге алған. Бұл екі артықшылығы бар бастама: біріншісі, ресмилікті ата-ана қауымдастығы өз мойнына алса, баланың мекемедегі өміріндегі басқарушылық мәнінен жылыстап, өзара ұғынушылыққа әкелсе, отбасы иерерхиясын сақтай отырып, командалық рухты сезіндіре алатын білім беру мекемелеріне бірден-бір қосалқы күш; екіншісі, тайм-менеджмент пен ұйымдастыру қабілеті бар оқушы, ата-ананың көшбасшылығын шыңдайтын кеңістік, мүмкіндіктерге тоғыстырылған ортақ мүдделердің алгоритмін меңгеру мен қатысу арқылы барлық тарап ұтылмайды, тәжірибесі болашағына кәдеге асатын перспективаларға жалғайтын дағдылардың жүйелі механизмі.
«Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің қоржынында рухани мұра мен зияткерлік дамуды ту еткен шығармалар жиынтығы бар. Ұйым ұлттық сана-сезімді, рухани құндылықтарды және білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлетінін танытып келеді. Соның дәлелі ретінде Алаш зиялыларының мына еңбектері қайта басылып шыққанын, нақтылы тізбектеп атап өтсек: Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!»; Ахмет Байтұрсынұлының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін»; Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика»; Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» және «Тәрбиеге жетекші» еңбектері. Сонымен қатар қазақ тіліне: «Әлемдік үздік зерттеулер» (психология саласындағы еңбек); Шалва Амонашвилидің «Гуманды педагогикасы» аударылса, барлығы 10 мың дана кітап ата-аналар мен педагогтарға тегін таратылғаны мәлім етілген. Білім тек білім беру ұйымдарының жеке мәселесі еместігін түйсінетін қоғамды сауатты ата-ана, сауатты ұрпақ қалыптастырады. Бірлестіктің Құрылтайшысы Нұркен Жарылқапұлы Асановтың қолдауымен «Абай ғибратнамасы» кітабы да жарық көргенін айтпасқа болмас. Кітаптың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым, профессор, әдебиеттанушы Серік Негимов. Ғалымның бұл еңбегі ұлттық әдебиет пен ғылымның дамуына қосылған маңызды үлес деп білеміз. Ұлтымыздың кемеңгер тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай бес томдық академиялық еңбегі қайта басылып, кітаптар еліміз бойынша: 100 мектепке;100 кітапханаға;100 мешітке;100 жоғары оқу орнына тегін таратылған. Мұндай айтулы да келелі істердің, игі шаралардың ұйытқысына айналған ұйым – көсемсөз шебері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын» атты әйгілі қанатты сөзіне жан бітіргендей ме дерсің.
«Сенімен болашақ» қоғамдық-бірлестігі ғылыми тұрғыдан зерттеушілік лабораториясының жиырмаға жуық зерттеуді бастама ретінде республика көлемінде жүзеге асыруға алып шыққан. Жоба еліміздегі партиялық, өңірлік-аймақтық, ауылдық елді мекендерді кең көлемде қамти отырып, халықаралық конференциялар мен семпиозумдарды өткізгенін даталы түрде бейне репортажынан нақтылы шолу жасауға болатын мултьи медиалық кеңістігін жасап үлгерген. Мұнда әр маманның болашақты саналы да сергек, зерделі де зиялы түрде құруға үлескерлік талабына дән риза болатындай лайықты ұсыныстарды талқылауға шақыратын ашық платформаның тілі көркем, дизайны тұнып тұрған әсем эстетика, жанұялық жылы лепті сыйлайтын атмосфераға толы. «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігі туралы сіздің мектеп, колледж, балабақша, университет біле ме?! Білсе қандай ғанибет! Құлаққағыс етіліп отырған жобаның миссиясы, бағыты өте терең. Көрегендіктің бір ұшқыр қыры – келешегі жөнінде толғана білетін есті қоғам болса, сол есті қоғамның ғана бағы жанады, бабы келісіп, болашақ бәйгесінде білімдарлықпен алға шықпақ.
Бірлестік хақындағы хикаялардың бес жылдық жылнамасын мульти медиалық сайтынан зерделеп көруге болады. Болашақтың шамшырағындай жарқырап тұрған, тұра да беретін ізгілік атаулының барлығының заңды қордасы, алтын қобдишасы ізгілік тұнған, ізгілік тұна да білетін жылы жүрегіңе нұрлы ақылды күш-жігерімен ұштастырған, асқақ арманы ақиқатқа айналуға тиісті, ой-санасы ерек сені керек етеді. «Сенімен болашақ» – парасатты тұлғалану, сауаттылықты сүйетін дүниетаным мен мәңгілік қауырсын-әлем ата-ананың ең нәзік дәнекері, қоғаммен үйлестіруші зияткер сана шоғыры, баланың шашбауын көтерген ұлағатты ұйым. Құт қонып, бақ дарыр қоғамдық бірлестіктің шаңырағы биік болсын дегіміз келеді.

Асанғожа Айжан