Бүгін 6654 әскери бөлімінің құрылғанына 63 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл атаулы күн – бөлім тарихындағы маңызды әрі мерейлі сәттердің бірі.
Іс-шараға Алматы облысы Полиция департаментінің өкілдері, бөлім ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Салтанатты жиын барысында үздік әскери қызметшілер қызметтегі адалдығы мен жоғары нәтижелері үшін бөлім командирі және Алматы облысы Полиция департаменті тарапынан марапаттарға ие болды.
Ардагерлер өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, жас буын әскери қызметшілерге ізгі ниеттерін білдірді. Олар бөлімнің қалыптасу және дамуы жолындағы қиын да даңқты кезеңдерді еске алып, болашақ ұрпаққа патриоттық рух пен әскери борышқа адал болудың маңызын атап өтті.
Мерекелік шара Сүйінбай атындағы филармония мен Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің тамаша концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Көрермендер назарына патриоттық әндер мен би қойылымдары ұсынылып, мерекелік көңіл-күй ерекше әсер қалдырды.
Бұл күн – 6654 әскери бөлімінің даңқты тарихындағы жарқын беттердің бірі болып, жеке құрам үшін жаңа жетістіктерге бастайтын рух пен ынтымақтың символына айналды.




