[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қаңтар 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысының кәсіпкері Президентке Алғыс айтты

    08.11.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысының кәсіпкері Президентке Алғыс айтты
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Жас кәсіпкерлер мен IT-мамандардың дамуына ерекше назар аударып отырғаны үшін Алматы облысының жас кәсіпкері Бағлан Бауыржанұлы Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

     

    Кәсіпкер өз сөзінде Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен инноваторлардың қалыптасуына зор серпін беріп отырғанын атап өтті.

     

    «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанның жаңа элитасын – жас кәсіпкерлерді, инженерлер мен IT-мамандарды дамытуға ерекше назар аударып келе жатқаныңыз үшін өз алғысымды білдіремін. Мен қазақстандық стартаптардың дамуына, инвестиция тартып, халықаралық деңгейге шығуына қолдау көрсететін Pul.vc венчурлік құрылымының негізін қалаушымын. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен еңбегі арқылы Қазақстан инновациялар саласында өңірлік көшбасшы болатынына сенімдімін», – делінген хабарламада.

     

    Pul.vc венчурлік платформасы бүгінде қазақстандық стартаптардың дамуына серпін беріп, инвесторлар мен жас кәсіпкерлер арасындағы өзара байланысты нығайтуға үлес қосып келеді.

     

    «Кәсіпкердің жолы – құлап, қайта тұру»

    Бағлан Олжабаевтың айтуынша, кәсіп бастаған алғашқы жылдар оңай болмаған.

     

    «Кәсіпкердің жолы өте ауыр, құлайсың, одан қайта тұрасың. Алғашында өте қиын кезеңдерден өттік. Мысалы, инвестиция тарту үшін ұзақ уақыт кетеді. Стартап бастаған кезде көп нәрсені білмейтінбіз. Көп стартаперлер бірден өнімін жасап, оның нарықтағы сұранысын зерттемей жібереді — бұл үлкен қателік. Мен де солай қателестім. Сондықтан біз қазір ақша емес, ең алдымен адами ресурс береміз. Яғни, әр жобаны сол саладағы мамандармен біріктіріп, сұранысқа ие өнімді іздейміз. Тек содан кейін ғана жасауға кірісеміз», – дейді кәсіпкер.

     

    Оның айтуынша, Pul.vc платформасының басты ерекшелігі — жас стартаперлерге бағыт-бағдар беріп, олардың нарыққа бейімделген идеяларын жүзеге асыруға көмектесу.

     

    «Президент жастарға нақты импульс беріп отыр»

    Бағлан Бауыржанұлы Мемлекет басшысының жастар мен инновациялық кәсіпкерлікке көңіл бөлуі бүгінгі буын үшін аса маңызды екенін айтады.

    «Қазір көптеген жас кәсіпкерлер мен IT мамандары неден бастарын білмей жүреді. Көкейлерінде сұрақ көп, бірақ кімнен сұрарын білмейді. Сондықтан Президенттің мемлекет тарапынан осындай импульс беріп жатқаны қуантады. Бұрын мұндай мүмкіндіктер аз болатын. Тек Astana Hub пен Most IT Hub қана болатын. Жақында Higgsfield AI деген стартап жарқ етті. Капитализациясы миллиард долларға жеткен. Сол жақсы түрткі болды. Біз Қазақстаннан шығатын осындай стартапты ұзақ күттік. Енді мұндай жобаларға көрсетілетін қолдау көбейіп, жаңа стартаптардың саны да арта бастайды. Сингапур, MENA елдерінен Қазақстан экономикасына деген қызығушылық артады. Сол кезде мемлекет қолға ала бастаса нұр үстіне нұр болады», – дейді ол.

     

    Кәсіпкердің пікірінше, мемлекет пен жеке сектордың бірлескен жұмысы елімізді инновациялар орталығына айналдырады.

    Мемлекеттік қолдау және алғашқы жетістіктер

    2024 жылы Бағлан Олжабаев командасымен бірге «Qazinnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі ұйымдастырған грант байқауында жеңімпаз атанып, 20 миллион теңгеден астам қаржылай қолдау алған.

    «Санат Аханов бастаған агенттік командасы үлкен қолдау көрсетті. Сол гранттың арқасында идеямызды жүзеге асырып, жобамызға венчурлік инвестиция тарта алдық. Компаниямыздың капитализациясы 10 миллион долларға жетті. Бір жыл бойы Нью-Йорктегі венчур билдерде тәжірибе жинап, оны Қазақстанда іске асырып жатырмыз. Біз Сингапур жүйесімен жұмыс істейміз, мұндай формат Орталық Азияда әзірге жоқ», – дейді ол.

     

    «Жастарға ең бастысы – команда мен идея»

    Кәсіпкердің айтуынша, кез келген стартаптың табысы идея мен сенімді командаға байланысты.

    «Жастарға айтар кеңесім – алдымен нарықты зерттеп, өз клиентіңді табу керек. Сосын мықты команда құру қажет. “Спроси маму” деген жақсы кітап бар, соны оқыса, көп сұраққа жауап табады. Ең бастысы – идеяңды жүзеге асырудан қорықпау және мықты команда құрып оны артыңнан ерте алу», – деді Бағлан Олжабаев.

     

    Pul.vc венчурлік платформасы Алматы облысы мен өзге өңірлердегі жас кәсіпкерлерге арналған ашық алаңға айналып отырғанын айтты. Мұнда әр стартаптың презентациясы қаралып, әлеуеті бар жобаларға тәжірибелі мамандар мен инвесторлар тартылады. Бағланның айтуынша, жуырда Pul.vc жанынан жас стартаперлерді тегін қолдауға бағытталған арнайы қор құрылмақ.

     

    Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде жасанды интеллект пен инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, жастардың технологиялық білімін арттыру және венчурлік экожүйені қолдау бағыттарына ерекше назар аударған болатын. Оның жастарды кәсіпкерлікке, инновация мен IT саласына тарту жөніндегі саясаты елімізде жаңа буын кәсіпкерлерінің қалыптасуына жол ашты.

    Алматы облысынан шыққан жас кәсіпкер Бағлан Олжабаевтың бастамасы – осы бағыттағы нақты нәтижелердің бірі. Өңірлік деңгейде жүзеге асып жатқан Pul.vc сияқты жобалар мемлекет пен жеке сектордың тиімді серіктестігін көрсетеді. Мұндай бастамалар арқылы Алматы облысы тек өндіріс пен ауыл шаруашылығы емес, инновация мен технология саласында да алдыңғы қатарға шығуға бет алды.

     

    Бүгінде Astana Hub технопаркінде Алматы облысынан тіркелген 11 IT-компания жұмыс істейді. Олардың қатарында Бағлан Олжабаевтың компаниясы да бар. Бұл кәсіпорындар салық және виза жеңілдіктерін пайдаланады, сондай-ақ серіктестік ресурстар мен бизнесті кеңейту мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.

     

    Жалпы, Алматы облысында жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары белсенді жүзеге асырылуда. Биыл шамамен 100-ге жуық жас кәсіпкер өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар алған.

    Президент саясаты мен жергілікті кәсіпкерлердің белсенділігі ұштасқанда, Алматы облысы Қазақстанның инновациялық орталықтарының біріне айналатыны сөзсіз.

    Ұсынымдар

    Жұмабай Шаштайұлы

    Жұмабай Шаштайұлы

    2 years ago
    Жандосов есімі жаңғырса…

    Жандосов есімі жаңғырса…

    2 years ago
    Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

    Жаңа көзқарастар мен сенімді қалыптастыратын сұхбат

    1 year ago
    Ұлт перзенті ұмытылмайды

    Ұлт перзенті ұмытылмайды

    2 years ago
    Мәселе бір күнде шешілмейді

    Мәселе бір күнде шешілмейді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>