Перейти к содержимому
Главная страница » Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Телефонға тыйым салынса…

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Телефонға тыйым салынса…

– Қазақстанда балалар TikTok немесе Instagram әлеуметтік желісіне 5-6 жастан бастап еш кедергісіз тіркеле алады. Тіпті, мұны ата-анасының келісімінсіз әрі ешқандай верификациясыз жасауға болады.
Әлемнің көптеген елінде бұл мәселе заңмен реттелген. Мысалы, Дания мен Австралияда 15-16 жаста ғана рұқсат етіледі. АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда да осындай шектеулер енгізілген. Әлеуметтік желіге тіркелу тек ата-анасының рұқсатымен ғана жүзеге асады. Заң жобасы шеңберінде осы норманы реттегеніміз жөн. Содан кейін еліміздегі мектептерде смартфон қолдануға мемлекеттік ұстаным қажет. Англия, Нидерланды және әлемнің 40 пайыздан астам мемлекеттері осындай шешімді қабылдаған. Бізде, Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектебі, «Білім-инновация» және басқа алдыңғы қатарлы мектептер де осыған ерекше мән беріп, оқушылардың телефон ұстауына тыйым салды. Нәтижесінде балалардың оқуға деген ынтасы артып, сабақ үлгерімі де жақсара түскен. Елімізде осы мәселені Цифрлық кодекс шеңберінде қалай қарастыруға болатынын Цифрлық даму, Оқу-ағарту және Жасанды интеллект министрліктері талқылап, нақты ұстанымдарын жариялауы керек.