⛅
2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәмді тағам ұсынған

    18.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Дәмді тағам ұсынған
    0
    SHARES
    122
    VIEWS

         Адам баласын асыл арманға жетелеп, шабыттандыратын – қажырлы еңбек пен өз ісіне деген адалдық. Бүгінде талай жылғы төккен тері мен қызметінің берекесін көріп отырған жанның бірі – Нұргүл Шыныбаева Қонаев қаласындағы «Диана» асханасында күн сайын келушілерді жайдары, кең пейілімен қарсы алып, дәмді асын ұсынады.

    Кейіпкеріміз Кеген ауданы Шыбышы ауылында дүние есігін ашып, мектепті сол жерде бітірген. Бала күнінен асханаға жақын болып өскен. «Анамның дайындаған тағамы тіл үйіретін. Қонақжай кісі болатын, дастарқаны еш жиылмайтын. Барлық көрші үйден келіп дәм тататын. Соған еліктеп, үлкендер үйде жоқ кезде сары май мен қантты қосып, түрлі тәттілер пісіретінбіз. Өкінішке қарай, анам өмірден ерте өтті. Әкемнің мені жоғары оқу орнында оқытуға мүмкіндігі болмады. 1994 жылы Қапшағай қаласына келдім. Алғашында асханада түрлі жұмысты істеп жүрдім. Кейіннен аспаздардан тамақ пісірудің қыр-сырын меңгере бастадым. Сол кезде кішкентай болса да, өзімнің асханам болса деп армандайтынмын. 2007 жылы автобекет ішіндегі кішкене жерді жалға алып, жұмысымды бастадым. Содан бері осы іспен айналысып келемін. Алғашында 7-8 тағам түрін ғана әзірлейтінбіз. Уақыт өте келе саны көбейді. Таңғы сағат төрттен есігіміз ашық тұратын. Әлі күнге солай. Себебі автобекет маңы болған соң жүргізушілер ерте келіп тамақтанады. Былтыр сәуір айында жаңа орынға көшіп, ішін ретке кел­тіріп, асханамызды кеңейттік.
    Біздің басты ерекшелігіміз – артық дәмдеуіштерді қоспаймыз. Үйдің дәмі сезіліп тұрады. Көбіне бесбар­мақ, қойқуырдақ сынды ұлттық ет тағамдары сұранысқа ие. Біздің бірінші қағидамыз – келушілермен дұрыс қарым-қатынас орнату, жылы жүзбен қарсы алу. Тазалықты сақтау, тағамдардың дәмді дайындалуы – біздің басты міндетіміз. Қазір қарамағымда өз ісіне тиянақты 10 адам жұмыс істейді. Бәрін басынан бастап өзіміз үйреткенбіз. Тағамдар әр күні жаңадан дайындалады. Оларды қатырып қойып, келесі күнге қалдыру деген бізде жоқ. Тіпті қамырдың өзін қолдан илеп, жаямыз. Дүкеннің наны бәрібір өзің дайындағанға жетпейді. Күндіз әзірленген астың бәрі кешке дейін өтіп кетеді.
    Асхана ісімен айналысуды таңдаған жандарға берер ең бірінші кеңесім – адал жұмыс істеу. Осы істі бастағанда қанша адам келсе де, нанды тегін береміз деп өзіме уәде бергенмін. Күніне 30-40 бөлке нан аламыз және оған ақы сұрамаймыз. Шайымыз да тегін ұсынылады. Осы іспен айналысып келе жатқаныма жиырма жылдай болса, әлі күнге бұл қағидамды бұзған емеспін. Ең бастысы, талмай еңбек ету керек. Соның арқасында жалғызбасты ана болсам да, ұлымды үйлендіріп, қызымды құтты орнына қондырдым.
    Асхана бағасы да қолжетімді. Мысалы, қойқуырдақ тағамы көп жерде 4000 теңге көлемінде болса, бізде шай, нанымен бірге 2700 теңге. Ең қымбат тағамымыз осы. Сондай-ақ сұраныс бойынша 1200 теңгеге кей тағамдар жартылай беріледі. Талмай еңбек еткен адам міндетті түрде жетістікке жетеді. Ниеті мен еңбегіне сай берекесін де көреді», – дейді Нұргүл Нұрсұлтанқызы.
    Кәсібінің нәсібін көріп отырған кейіпкеріміздің асханасы әрқашан адамға лық толы. Келушілер де дән риза болып, алғысын жаудырып жатады.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Боз кілемде белдесті

    Боз кілемде белдесті

    1 year ago
    Бас прокуратурада жол саласындағы заңның сақталу жайы талқыланды

    “Халық көп қоныстанған аудандардағы жол бірінші кезекте жасалады”

    2 years ago
    Әр көлікте өткеннің белгісі бар

    Әр көлікте өткеннің белгісі бар

    2 years ago
    Жаңа зауыт салынады

    Жаңа зауыт салынады

    1 year ago
    Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қамтитын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

    Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қамтитын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>