☀️
6°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үлгілі кәсіпорын

    18.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Үлгілі кәсіпорын
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Жұмысшы мамандықтары жылы аясында тек экономика саласының түрлі бағыттарына мамандар даярлайтын колледждер ғана емес, сонымен қатар студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне көмектесетін кәсіпорындардың да рөлі артып отыр. Солардың бірі – Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында орналасқан «Group of companies Altyn juldyz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

    Бұл кәсіпорында бірнеше жылдан бері болашақ тігіншілерді даярлайтын оқу орталығы жұмыс істейді. Жақында Алматы облысының еңбек мобильді орталығы мен облыстық білім басқармасы осы кәсіпорын базасында «Саrееr dау» шарасын ұйымдастырды. Ашық есік күніне облыстағы бес колледждің тігіншілік бағытындағы 100-ден астам студенті, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысты.
    Кәсіпорынның ерекшеліктері туралы компания құрылтайшыларының бірі Заманбек Алтынғадысұлы айтып берді. Оның айтуынша, бұл оқу орталығында тігін және етікшілік шеберліктің қыр-сырын кәсіпорын қызметкерлерімен қатар тәжірибеге келген студенттер де үйренеді. Мұнда тәжірибеден өткен студенттер кейін осында жұмыска орналасады. Кейбірі тігін ісін меңгеріп, өз шеберханасын немесе ательесін ашып, шағын бизнесін дамытады. Осыған қарап, бұл нағыз кәсіптік ұстахана десе де болады.
    Аталмыш нысанды Жанат, Заманбек және Өмірбек есімді үш ағайынды ашқан. Бұл іскер жігіттердің тігін өндірісімен қатар Жамбыл ауданында бау-бақша, Еңбекшіқазақ ауданында мал шаруашылығы да дамып келеді. Сонымен қатар құрылыс материалдары, арнайы жабдықтар мен жиһаз фурнитураларын сатумен де айналысады. Алайда бұл бизнестің барлығы төрт тігін машинасымен жеңсіз кеудеше тігуден басталған.
    Алғашқы қадам 2004 жылы жасалған. Тігін ісін үйрену барысында ағайындылар Қытай мен Түркия елдерін аралап, кейін Жапон өндірісінің машиналарын сатып алған. 2006 жылдың карашасынан бастап кәсіпорын конкурсқа қатыса бастайды. Ал 2007 жылдан «Altyn juldyz» компаниялар тобы құрылады. Көп жыл бойы тігін фабрикасы Алматы қаласында жұмыс істеп, 2016 жылдың наурыз айында Іргелі ауылына көшіріледі.
    Кезең-кезеңімен «Altyn juldyz» кеңейе келе, арнайы киім, аяқ киім, спорттық киім және жеке қорғаныс құралдарын шығаратын еліміздегі ірі өндірушіге айналады. Айтпақшы, 2017 жылғы Универсиада қатысушыларының костюмдері осы жерде тігілген. Қазіргі таңда тігін машиналарының саны 250-ге жеткен. Фабрика мата кесуге арналған лазерлі станок, кесте тігетін және басқа да заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
    Кәсіпорын өнімдері GS (Golden Star) брендімен шығарылады. Бүгінде «Altyn juldyz» жеке қорғаныс құралдарын өндіруші бес жетекші компанияның қатарына кіреді және өнімге түрлі логотиптер мен брендтерді қолдану қызметін ұсынады.
    Негізгі басымдық арнайы киім тігуге бағытталған. Олар өндіріс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы, ІІМ және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлеріне арналып тігіледі. Бұл – түрлі жұмыс комбинезондары, халаттар, әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған формалар. Өндіріс үдерісі тапсырыстарды жедел орындауға мүмкіндік береді.
    – Сапалы арнайы киім – әрбір кәсіпорынның табысының кепілі, – дейді Заманбек Алтынғадысұлы. – Ол компанияның бет-бейнесін, имиджін көрсетеді. Ең бастысы, бұл киімдер бүкіл пайдалану мерзімі кезінде қорғаныс қызметін атқарады әрі сапасы да ұзақ уақыт сақталады. Тапсырыс беруші келген кезде ең алдымен оның қызмет саласын сұраймыз. Мәселен, өрт сөндірушілердің киімі отқа төзімді болуы керек. Шахтерлер, техникалық қызмет көрсету саласы жұмысшыларының да өз жеке талап­тары бар. Жол жұмысшыларына арналған сигналдық киім мүлде басқа. Мата таңдау кезінде кәсіби ерекшеліктер мен маусымдық кезеңді ескереміз. Жазғы да, қысқы да нұсқа­ларын тігеміз. Бес жыл бұрын арнайы аяқ киім өндіруді де бастадық.
    Кіріс материалдарын бақылау бөлімі өндірістік заттардың әр партия­сын қадағаласа, сараптау бөлімі техно­логиялық желілер мен дайын өнім сапасын бақылауда ұстайды.
    – Біз кәсібіне берілген, заманауи оқыту бағдарламалары арқылы білік­тілігін арттырып отыратын жоғары деңгейлі мамандар тобын құрдық. Мақсатымыз – өнімнің сенімді, ыңғайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар киімдерді Қазақстанның кез келген нүктесіне жеткізуге мүмкіндік бар. Біз Ресей, Нидерланды, Қытай, Түркиядан ең үздік шикізат жеткізушілері­мен тығыз байланыс орнаттық. Компания­ның корпоративтік стилін дамытудамыз. Әрбір тапсырыс берушіге жауапкершілікпен қарау біз үшін маңызды, – деп атап өтті Заманбек Алтынғадысұлы.
    Бұл бизнесті дамытуға салынған инвестиция көлемі шамамен екі миллиард теңгені құраған. Өндіріс­тік мақсатта 4000 шаршы метр, ал қойма үшін 9000 шаршы метр алаң бөлінген. Кәсіпорын жылына 300 мыңнан астам арнайы киім шығарады. Мұнда 200 адам жұмыс істейді. Қазақстанның 10 өңірінде филиалдар желісі құрылған. Осылайша өз жұмысын жолға қойған кәсіпорынның алға қарай қарыштап дами беретіні кәміл.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы: су айдындарындағы су көлемі бақылауда

    Алматы облысы: су айдындарындағы су көлемі бақылауда

    1 year ago
    Қазақстанда жеке тұлғалардың смартфондарын сәйкестендіру мерзімі 25 маусымға дейін ұзартылды

    Қазақстанда жеке тұлғалардың смартфондарын сәйкестендіру мерзімі 25 маусымға дейін ұзартылды

    6 months ago
    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    Алматы облысының тұрғындары газ бағасының қымбаттағанына наразы

    3 years ago
    Туған жерін түлеткен

    Туған жерін түлеткен

    10 months ago
    Салт-дәстүрді паш еткен мереке

    Салт-дәстүрді паш еткен мереке

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>