⛅
2°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұрғындарды толғандырған мәселе

    22.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Тұрғындарды толғандырған мәселе
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Жамбыл ауданындағы Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі Мәлік Қасымбаев тұрғындармен кездесті. Ауылдық Мәдениет үйінде өткен жиынға аталған округке қарасты елдімекендердің тұрғындары, мекеме, ұйым басшылары мен қызметкерлері, осы аумақта орналасқан ірі шаруашылықтардың төрағалары қатысты.

    Ауылдың күнделікті тіршілігінде кездесетін бірқатар өзекті мәселе қаралған жиында тұрғындар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Аталған округте ауылшаруашылық тауарларын өндірумен айналысатын «Сүйінбай», «Қарақыстақ», «Болай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Шынжырбай», «Бұрған» өндірістік кооперативтері жұмыс істейді. Көпшілігі біріккен шаруашылық болып саналатын бұл кәсіпорындар негізінен егін егеді. Жиында алдымен осы шаруашылықтардың қызметін ұйымдастыру, үлескерлеріне егіннен астық бөлудің тәртібі талқыланды. Шаруашылықтың астық жинаудан түскен табысынан үлескерлеріне пайда бөлуге қатысты мәселе көтерілді. Қарапайым ауыл тұрғыны болып келетін үлескерлер тарапынан биылғы астықтан алынатын үлестің мөлшері тым төмен екендігі айтылды. Себебі ауа райының қолайсыздығына байланысты оларға 100 келіден ғана астық берілген. Талқылау барысында келесі жылы келісімшартқа сәйкес, әр үлескерге 200 келіден астық берілмекші болып ортақ тоқтам жасалды.
    Әкіммен кездесуде бұдан басқа да маңызды әлеуметтік мәселелер қаралды. Соның бірі – қоқыс шығару қызметінің бағасын белгілеу. Өйткені тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифінің өзгеруі бұл ауылға да жаңа баға белгілеу қажеттігін туындатқан. Бұл қызметті мойнына алған «Алимжанова» атты жеке кәсіпкерлік тарапынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифіне өзгеріс енгізілгені хабарланды. Мұндай өзгеріс жанар-жағармай бағасының қымбаттауына байланысты болып отыр. Жаңа тариф бойынша енді әр аулаға ай сайынғы төлем үйде жалғыз тұратын адам үшін – 550 теңге, екі адам тұрған жағдайда – 1100 теңге, үш және одан көп адам тұратын отбасыларға 2000 теңге көлемінде есептелді. Ал жеке кәсіпкерлерге – 2500 теңге, ауылдық дәмханаларға 5000 теңге болып белгіленді. Қоқыс шығаратын көлік қыс мезгілінде аптасына бір рет, жазда аптасына екі рет, сенбі және жексенбі күндері жүреді.
    Ауылдағы ауызсу мәселесі де жиында сөз етілді. Кездесу соңында округ әкімі Мәлік Қасымбаев тұрғындарды ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму барысынан хабардар етіп, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жалғасатынын жеткізді. Тұрғындарды көтерілген мәселелерді бірлесе шешуге, қоғамдық өмірде белсенділік танытуға шақырды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Қарақыстақ ауылы,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының ТЖД қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

    Алматы облысының ТЖД қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

    8 months ago
    Өз ісінің шебері

    Өз ісінің шебері

    10 months ago
    Мемлекет басшысы жас ғалымдармен кездесті

    Мемлекет басшысы жас ғалымдармен кездесті

    1 year ago
    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    2 years ago
    Мейірім әлемі

    Мейірім әлемі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>