⛅
1°C
Қонаев
Жұма, Қараша 28, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Болат өндіру зауыты салынады

    24.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Болат өндіру зауыты салынады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округіне қарасты Қазыбек бек бекетінде орналасқан «Қазыбек бек» индустриялық аймағында «Asia United Steel» ЖШС-ның болат өндіру желісінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, компания жұмысына сәттілік тіледі.

    Шетелдік инвесторлар мен жобалық ұйымдардың басшылары қатысқан шарадағы құттықтау сөзінде аймақ басшысы бұл қадам облыстың ғана емес, тұтас ел экономикасының әлеуетін арттыратынын алға тартты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамытуға серпін беру қажеттігін айрықша атап өткенін еске салды.
    – «Asia United Steel» зауытының құ­ры­лысы – өңірдің жаңа индустриялық сер­піліске жасаған қадамы. Әрбір осын­дай зауыт – жаңа мүмкіндік, жұмыс орындары, технологиялар мен бюд­жетке құйылатын салық. Облыс өз өн­дірістік қаңқасын қалыптастырып, ел экономикасын нығайтып келеді, жоба стратегиялық маңызға ие, – деді Марат Сұлтанғазиев.
    Бұл жоба өңірдің жаңа өнеркәсіп­тік алып­тарының бірі ретінде бағаланып отыр. Зауыт шамамен 600 жұмыс орнын ашу­ды көздейді, үш кезеңде жүзеге асыры­лады. Жылына 1,2 млн тонна болат өнді­реді және еліміздің оңтүстігіндегі ең ірі метал­лургиялық кәсіпорындардың біріне айналмақ. Өндірістік алаңы «Қазыбек бек» индустриялық аймағындағы 78 гектар жерге орналаспақ.
    Болашақ алпауыт нысанның алғашқы іргетасын қалау рәсімінде инвесторлар да сөз алып, Алматы облысын ең басым бағыттардың бірі ретінде таңдағандарын жеткізді.
    – Біз сіздермен ынтымақтастықта қуана жұмыс істейміз. Ұзақ талдаудан кейін болат өндіру зауытын салу үшін дәл осы өңірді таңдадық. Мақсатымыз – Орталық Азияны шикізатпен қамтамасыз етіп, заманауи өндіріс құру, – деді «Asia United Steel» компаниясының негізін қалаушы Лин Гуощун.
    Капсула салу рәсімінің алдында Жамбыл ауданының ақсақалы Әбден Есперов көпшілікті құттықтап, бұл оқиға тұрғындар үшін айтарлықтай қуаныш екенін жеткізді. Аталған жобаның ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер беретінін айтып, бастаманың табысты әрі берекелі болуын тіледі.
    Жобаны толықтай шетелдік инвес­торлар қаржыландырады. Өндіріс ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие құрылыс және өндірістік өнімдер өндіруге бағытталады. Кәсіпорын құрылысы бірнеше кезеңнен өтіп, 2027 жылға толық аяқталмақ. Зауыт балқытуға арналған энергия тиімді пештермен жабдықталады. Электр энергиясының қолданылуы қоршаған ортаға келетін зиянды барынша азайтады, ал өндіріс толықтай экологиялық стандарттарға сай болады. Жобалық қуатқа шыққаннан кейін «Asia United Steel» Қазақстандағы болат өнімдерін экспорттайтын жетекші кәсіпорындардың біріне айналып, өңірдің ғана емес, тұтас елдің өңдеу секторын күшейтеді.
    Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін қолға алынған маңызды қадам осы ауданның дамуына айтар­лық­тай оң әсер ететінін айтады. Болат өндіру желісінің салынуы – ауданның инвес­тициялық қуатын арттырып қана қоймай, өңір экономикасының нақты секторына жаңа серпін береді. Өндірістік қуаттылығы жылына 1,2 млн тоннаға дейін жететін болат өнімдерін шығаратын кәсіпорын аудан үшін де аса маңызды стратегиялық нысан болмақ. Құрылысы толық аяқталғаннан кейін жаңа жұмыс орнының көптеп ашылуы Жамбыл ауданы тұрғындары үшін тұрақты табыс көзі, әлеуметтік жағдайларының жақсаруы және кәсіптік дағдылардың артуына жол ашпақ. Айтуынша, жергілікті атқарушы билік тарапынан индустриялық аймақтың инфрақұрылымын дамыту бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Инвесторлардың алаңсыз жұмыс істеуіне барынша қолдау көрсетіліп, алдағы уақытта электр, су, газ және жол желісі толық қамтамасыз етіледі.
    Айта кетсек, «Қазыбек бек» индус­трия­лық аймағында қазір жалпы құны 640 млрд теңгеден асатын жобалар портфелі бар 11 инвестор орналасқан. Олар келешекте шамамен 2,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Алматы облыстық индустриялық аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Ербол Шоқаевтың айтуынша, инвесторларға индустриялық аймақтың 900 гектарының 567 гектары бөлінген. Алдағы екі жылда аймақ толыққанды инженерлік инфрақұрылыммен қам­тамасыз етіледі. Бұл дегеніңіз – 150 МВт электр қуаты, тәулігіне 8000 текше метр су, тәулігіне 100 вагондық жүк жөнелтуге мүмкіндік беретін теміржол логистикасы. Ал әзірге құрылысты бастау үшін жобаға қатысушылар уақытша электр және су желілерімен қамтылған.
    Болат өндіру желісінің іргетасын қалау рәсіміне сондай-ақ облыстық энергетика және сумен жабдықтау, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму, жер қатынастары басқармаларының басшылары қатысты.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облыстық ауруханада пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі

    Алматы облыстық ауруханада пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі

    3 years ago
    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

    Қауіпсіздік талабын сақтайық

    1 year ago
    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек

    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек

    1 year ago
    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады

    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады

    1 year ago
    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер

    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>