⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

    29.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Халықаралық OPSI платформасы Қазақстанның e-Qyzmet – персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу бойынша сараптамалық материал жариялады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді цифрландыру жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалып жатқандығының көрсеткіші.

    e-Qyzmet жүйесі – мемлекеттік басқаруды цифрлық жаңғыртудың негізгі элементі және ұлттық кадр саясатын іске асырудың маңызды құралы. Жүйе HR-процестерді толық автоматтандырып, кадрлық деректерді орталықтандырады. Бюрократиялық кедергілерді жойып, субъективті шешімдер қабылдау тәуекелін барынша азайтады. Кадрларды қабылдау, тиімділікті бағалау әрі мансаптық ілгерілету үрдістерінің меритократиялық қағидаттармен жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

    Платформа барлық мемлекеттік органдардағы 400-ден астам басқарушылық процестерді және HR-рәсімдерді қамтиды. e-Qyzmet іріктеу рәсімдерін цифрландыру мен әкімшілік кедергілерді азайту есебінен кадрлық жүйенің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырып, кәсіби және тұрақты мемлекеттік қызметті қалыптастыруға ықпал етті.

    «e-Qyzmet жүйесі туралы материалдың OPSI платформасында жариялануы – Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және HR-әлеуетін дамыту саласындағы халықаралық жетістігі. Бұл Қазақстан тәжірибесінің тек ел ішінде ғана емес, жаһандық деңгейде де қызығушылық тудырып отырғанының айқын дәлелі. Мұндай қадам Мемлекет басшысының «Біз үйренетін ғана емес, үйрететін ұлт болуымыз керек» деген ұстанымына сәйкес келеді», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбай.

    e-Qyzmet жүйесіне 2022-2023 жылдары жаңғырту мен цифрлық іріктеу тетіктерін енгізу арқылы бір бос орынға орта есеппен 5,5 үміткерден келіп, кандидаттар арасындағы бәсекелестік айтарлықтай артып отыр. Бұл дәстүрлі жүйемен салыстырғанда үш еседен жоғары көрсеткіш.

    Айта кету керек, Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалуы еліміздің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) бастамаларындағы, әлемдік сараптамалық алаңдардағы позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.

    Анықтама үшін:

    OPSI (Observatory of Public Sector Innovation) – мемлекеттік басқарудағы инновацияларды жинауға, талдауға және таратуға арналған (ЭЫДҰ)-ның жаһандық платформасы. Оның негізгі компоненті – Case Study Platform, онда әлемнің түрлі елдеріндегі реформалар, цифрлық шешімдер және басқарудың жаңа модельдері ұсынылады.

    OPSI материалдарын үкіметтер, халықаралық ұйымдар, зерттеу орталықтары мен мемлекеттік басқару саласының мамандары кеңінен пайдаланады. Қазақстандық бастамалардың платформада жариялануы елдің ашық, инновациялық және мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға бағытталған мемлекет ретіндегі имиджін күшейтеді.

    Ұсынымдар

    Сот тірегі – заң

    Сот тірегі – заң

    2 years ago
    Үкімет ұсынған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев

    Үкімет ұсынған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев

    11 months ago
    2025 жылдың басынан көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленді?

    2025 жылдың басынан көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленді?

    8 months ago
    БАКУДЕГІ БЕРДІБЕК ТОЙЫ

    БАКУДЕГІ БЕРДІБЕК ТОЙЫ

    1 year ago
    Алаш арысының асыл мұрасы

    Алаш арысының асыл мұрасы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>