Перейти к содержимому
Главная страница » Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет

Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет

Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округінде жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды кездесу өтті. «Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет» атты тақырыпта өткен іс-шараны ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Исаева Асел ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және құқықбұзушылықтың алдын алу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігіне тікелей байланысты. Осы себепті де бұл күні жастарға заңды білу мен оны сақтау маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Кездесу барысында қатысушыларға қазіргі қоғамда кеңінен белең алған құқықбұзушылықтың түрлері, олардың себептері мен салдары жайлы нақты мысалдар келтіріліп айтылды. Әсіресе, ұсақ құқықбұзушылықтың өзі үлкен мәселелерге әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Сонымен қатар, заң алдында әркім тең екені және кез келген әрекет үшін жауапкершілік бар екені ерекше атап өтілді.

Жастарға қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, үлкендерге құрмет көрсету, өзара сыйластықты нығайту секілді қарапайым, бірақ маңызды қағидалар да айтылды. Мұндай түсіндіру жұмыстары олардың өмірде дұрыс бағыт таңдауына да көмектесері сөзсіз.

Осындай кездесулер жастарды тәртіптілікке, жауапкершілікке баулып қана қоймай, құқықбұзушылықтың алдын алуға үлкен үлес қосады. Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

ҰЙҒЫР АУДАНЫ