⛅
21°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Әділетті қоғамның темірқазығы

    05.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мереке
    Әділетті қоғамның темірқазығы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Әділетті қоғамның те­мір­қазығын қалыптасты­ру қызметін жүзеге асыра­тын мем­лекеттік орган – Қазақстан Республикасының Прокуратурасы күніне орай Қонаев қалалық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада алғашқы сөз кезегін алған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев прокуратура мен жергілікті атқарушы орган­дар арасындағы өзара іс-қимыл күшейіп, құқықтық мәдениет­ті арттыруға бағытталған бірқатар маңызды бастама жүзеге асып жатқанына тоқ­талды.

    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заңның үстемдігі – елдің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі», – деп атап өткен болатын. Бұл ретте прокуратура органдарының заңдылықтың сақталуын қадағалаудағы адал қызметі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы жауапкершілігі қоғам үшін аса маңызды. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» идеоло­гемасы аясында аймақта жүйелі істер жүзеге асырылып, олардың нәтижесі нақты көрсеткіштермен айқындалуда. Атап айтқанда, «Заң мен тәртіп керуені – 2025» бастамасы шеңберінде 170 «Прокурордың жас көмекшілері» клубы құрылып, 4 мың­нан астам оқушы қамтылды. Сонымен бірге прокуратурамен бірлесіп, 178450 оқушының қатысуымен 150-ден астам кездесу ұйымдастырылды. Арнайы жобалық кеңсенің жұмысы да өз нәтижесін көрсетіп, өңірдегі құқық­бұзушылыққа қарсы іс-қимылды үйлестіруге, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге серпін беруде. Бірлесіп атқарылған шаралардың нәтижесінде облыстағы жалпы қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға төмендеді, – деді облыс басшысы. Бұдан соң Марат Елеусізұлы облыста елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар прокурорға Құрмет грамотасын табыстады.
    Келесі кезекте сөз облыс прокуроры Берік Адамовқа берілді.
    – Биыл прокурорлар ортақ күш-жігермен азаматтардың құқығы мен мемлекет мүддесін қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша үлкен және жүйелі жұмыс жүргізді. Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының, білім беру мекемелерімен және жұртшылықпен тығыз өзара іс-қимылдың арқасында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. 650 мыңнан астам азаматтың құқығы бұзылғаны анықталып, 13 мың баланың пайдасына 3,7 млрд теңге алимент өндірілді. Бұл – еліміз бойынша ең үздік көрсеткіш. Салық органдарымен бірлесіп, 6 млрд теңгеге бюджет мүддесі қорғалды. Бүгінге дейін 3 млрд теңге өндірілді. Мемлекет меншігіне 6 жарым млрд теңге болатын 80 мың гектар жер қайтарылды. Сондай-ақ қомақты қаражатты құрайтын Қарасай ауданында сумен қамту нысанының, балабақша мен екі өнер мектебінің қайтарылуы – аудан прокуратурасы командасының еңбегі. Мемлекет басшысы прокуратура органдарының алдына бизнес пен инвесторларды қорғау жөнінде маңызды міндет қойды. Прокурорлар заңсыз тексерулердің жолын кесу және бақылаушы органдар тарапынан өзге де заңсыз араласу жолымен кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке тарта отырып, 2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады. 88 инвестордың мүддесі үшін жер мен инженерлік желілерге қатысты проблемалық мәселелер шешіліп, түрлі шектеу мен айыппұлдар алынып тасталды, – деген облыс прокуроры жекелеген бөлімшелердің жұмысын атап өтті.
    Криминогендік жағдайды сауықтыру бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілгенін, оны іске асыруға барлық мүдделі мемлекеттік органдар тартылғанын айтқан Берік Абызбайұлы осы орайда полиция департаментінің бастығы Мейрам Жұмкенұлы мен Марат Елеусізұлына әріптестеріне қолдау көрсеткені және нәтижелі өзара іс-қимыл жасағаны үшін алғыс білдірді.
    Облыс прокурорының айтуынша, әкімдіктің көмегімен көшелерде, аулаларда және қоғамдық орындарда 9 мыңнан астам камера орнатылған. Осының арқасында ашықтық едәуір артып, көшедегі қылмыстар саны азайған. Жаңа тәсілдерді дамыту және қадағалаудың цифрлық құралдарын енгізу жөніндегі бастамалар қолға алынған. Кешенді шаралар нәтижесінде қылмыс 16,9 пайызға төмендеген.
    Қылмыстарды тіркеуді 9 мың­нан 7 мыңға дейін азайта отырып, аймағымыз ең криминогенді облыстардың қатарынан шыққан. Кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты санаттар бойынша қылмыс саны айтарлықтай төмендеген.
    Берік Абызбайұлы азаматтардың құқығы мен бостандығы, мемлекет пен қоғамның мүддесін қорғап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі елеулі еңбегі үшін бірқатар қызметкерді марапаттады.
    Сахнада орнатылған кең экранда прокурорлардың жыл бойы атқарған жұмысы жайлы және әр аудандағы қызметкерлердің кәсіби мерекеге арнаған бейнеүзінділері зал толы қауымның назарына ұсынылды. Содан соң облыстық прокуратура органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіберік Әділбеков сөз алып, елімізде заңның бұзылмауы мен тәртіптің сақталуы жолында уақытпен санаспай еселі еңбек етіп келе жатқан сала қызметкерлеріне мерекелік құттықтауын өлең жолдарымен өрнектеді.
    Келесі кезекте жаңа лауазымға тағайындалған ҚР Бас прокуратура­сы жанындағы Құқық қорғау орган­дары академиясының түлектері ант қабылдады. Сонымен қатар Талғар ауданының прокурорлары Аида Алмасаева мен Темірлан Мықтыбаев, Ұйғыр ауданының прокуратурасының прокуроры Қуаныш Жетпісбаев, Іле ауданы проку­рорының орынбасары Олжас Омаров және облыс прокуратурасының кадр­лық жұмыс тобының бас маманы Отаргүл Рымбайқызы өз өнерлерін ортаға салды.
    Салтанатты жиын соңы елімізге танымал эстрада әншілерінің кон­церттік бағдарламасына ұласты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Келісім – тұрақтылықтың басты шарты
    27.04.2026
    Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>