[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жасанды интеллект және қаржы

    09.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Жасанды интеллект және қаржы
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         «Бизнес. Қаржы. AI» форумының қатысушылары табысты қалай еселеуге болатыны, қаржылық сауаттылықты арттыру жолдары, заманауи AI құралдарын бизнес-процестерде қолдану тақырыбында пікір алмасты. Форум Қаскелең қаласындағы «Rahat Resort» емдеу-сауықтыру кешенінде өтті. Шараға кәсіпкерлер, инвесторлар, экономистер мен технология саласының мамандары қатысты. Жиын барысында 10 практик-спикер өз тәжірибесімен бөлісті.

    Форум басталар алдында қатысушылар әртүрлі бизнес бағыттары ұсынылған көрмемен танысты. Олардың қатарында бухгалтерлік аутсорсинг қызметін көрсететін «GO.BUHSTORE» компаниясы, «RUKH CLINIC» психологиялық көмек орталығы, халықтық қолданбалы өнері туындылары, соның ішінде Анаркүл Нарботанованың жұмыстары және басқа да жобалар болды.
    Шараның ресми бөлімін Re.Women әйелдер қауымдастығының Алматы облысы бойынша төрағасы Әсел Жылқыбаева және оның орынбасары Жұлдыз Айтөре ашты. Олар кәсіпкерлердің табысын еселеу төңірегінде сөз қозғап, қауымдастықтың даму бағдарламасымен таныстырды және өңірдегі кәсіпкер әйелдердің бірлесіп еңбек етуінің маңыздылығын атап өтті.
    Осыдан кейін мінберге көтерілген спикерлер қаржылық ағымдар және қолжетімді мүмкіндіктер төңірегінде ой бөлісті. Мәселен, Арман Амангелді «Ақша – ішкі жағдай: қаржылық ағым психологиясы» тақырыбын жан-жақты талдап, қаржылық өркендеу кәсіпкердің жеке ойлауы мен ішкі ұстанымына тікелей байланысты екенін түсіндірді. Әсел Амангелдіқызы өңір кәсіпкерлері үшін қолжетімді гранттар, субсидиялар және мемлекеттік қолдау бағдарламаларына шолу жасады. Бұл жерде, әсіресе бизнесін кеңейтуді жоспарлап жүргендер үшін маңызды ақпараттар айтылды.
    Келесі болып сөз алған Яна Искакова тұрақты бизнес-модельді құру және компанияның құбылмалы нарық жағдайында да өсім көрсетуіне мүмкіндік беретін құралдар туралы айтты. Техника ғылымдарының кандидаты, бизнес басқару магистрі, нейропсихолог және эмоционалдық интеллект (EQ) жобасының авторы Аннет Андреевская EQ-ның бизнес, саясат, мансаптық өсуде, жеке қызметкерлерді де, тұтас команданы да басқаруда табыстың маңызды факторы екенін атап өтті. Наталья Ким жеке капиталды басқару тәжірибесін ортаға салды.
    Форумның екінші бөлімінде Наталья Брысаева «Ақшаны қалай еселеуге болады?» тақырыбында шолу жасап, инвесторларға қолжетімді стратегияларды түсіндірді. Алтынхан Оразқызы өмірді сақтандыру отбасының және бизнестің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, болашағына сенімділік беретінін айтты. Ал Аяулым Ауан (Freedom Broker) акция сатып алу жолдарын көрсетті.
    Форумның ең маңызды сессияларының бірі Сергей Коневтің «Бизнеске арналған AI қызметтер: жұмысбастылықты азайтып, табысты қалай арттыруға болады?» атты баяндамасы болды. Спикер жасанды интеллектіні толыққанды цифрлық қызметкер ретінде пайдалану мүмкіндігін түсіндіріп, оның көп шаруаны автоматтандыруға, сатылымды арттыруға және пайданың өсуіне әсер ететінін айтты. Білген адамға қазіргі AI құралдарын дұрыс қолдану аптасына 20 сағатқа дейін жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін көрінеді.
    Шара соңында қатысушылар мен спикерлерге Алғыс хат пен сертификат табыс етілді. Форум кәсіпкерлік, инвестиция және технологиялар бойынша ашық диалог жүргізу алаңына айналып, қатысушыларға бизнесті дамыту және капиталды басқаруға қатысты тәжірибелерді меңгеруге мүмкіндік сыйлады.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

    Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

    1 year ago
    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    3 years ago
    Үлкен ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысуда

    Үлкен ауылының тұрғындары референдумға белсенді қатысуда

    1 year ago
    Ел мерейін асыратын мереке

    Ел мерейін асыратын мереке

    2 years ago
    Тәуелсіздікке тарту

    Тәуелсіздікке тарту

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>