Оқиға Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылында болған. 10 жасар қыз абайсызда көлік пен тіркеменің арасындағы темір қосқышқа қолын қысып алған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қыздың саусағы шықпай қалып, бірден қатты ісе бастаған. Көмекке дер кезінде жеткен Төтенше жағдай министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы кескіш құралдардың көмегімен қысылып қалған саусақты аман-есен босатып алды.
ТЖМ құтқарушылары ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.