Перейти к содержимому
Главная страница » Желтоқсаншылармен жүздесу

Желтоқсаншылармен жүздесу

      Биыл Желтоқсан көтері­лісіне  – 39 жыл! Осынау  айтулы күннің  тарихи маңызын атап өту  мақсатында  Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген  Кенжебеков желтоқсаншылармен кездесті.

Басқосуда желтоқсаншылар алаңға шыққан сәттерін еске алып, көрсетіл­ген зорлық-зомбылық пен айыптау, қорқытуға қарамастан, өздерінің адал ұстанымынан таймағандарын айтты. Осы көтеріліс қазақ жастарының өз ұлты мен тарихына деген сүйіспеншілігін оятты, ал желтоқсаншылардың көрсеткен ерлік­тері тәуелсіз Қазақстанның тарихында алтын әріппен жазылды. Сондағы жастардың көздеген мақсаты саяси еркіндікке қол жеткізу ғана емес еді. Олар өздерінің ұлттық идеологиясын, мәдениетін, тілі мен дәстүрін қорғау үшін күресті. Сол себепті Желтоқсан көтерілісі тәуелсіздік үшін күресудің, ұлтты ұлықтаудың нағыз белгісіне айналды.
Осылайша  жиынға қатысушылар тәуелсіздік үшін күрескен жастардың ерлігі мен өр рухы туралы әңгімелеп, сол кезеңдегі оқиғалардың шынайы тарихымен бөлісті. Ал Төлеген Жолмырзаұлы Желтоқсан ардагерлеріне ел дамуына қосқан үлесі мен  азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіріп,  олардың ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ желтоқсаншылар­ға әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету және басқа да мәселелер бойынша көмек берілетінін айтты.
Басқосу соңында қатысушылар кездесуді ұйымдастырғаны үшін әкімдікке  алғысын жеткізді. Ал  желтоқсаншылар­ға арнайы сый-сияпат пен гүл шоқтары тарту етілді.

Ерзат АСЫЛ

Қонаев қаласы