⛅
25°C
Қонаев
Жексенбі, Мамыр 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мерейлі сәт

    16.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Мерейлі сәт
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған 34 жыл ішінде ел спортшылары едәуір жетістікке жеткені анық. Олимпиада ойындары мен әлемдік додаларда Көк Туымыз сан мәрте желбіреп, Әнұранымыз шырқалды. 1996 жылы спортшыларымыз тұңғыш рет Атлантадағы ХХVІ жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Әлемдегі ең ірі спорттық жарысқа алғаш рет қатысып жатқанына қарамастан, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медальға қол жеткізді. Ел мерейін үстем еткен саңлақтар қатарында еркін күрес шебері Мәулен Мамыров та бар еді.

    Жуырда Мәулен ағамыз Райымбек ауданында өткен спортшылар форумына арнайы қатысып қайтты. Сөйтсек, балуан мен Аспантау арасын жалғайтын айрықша тарихи байланыс бар екен. Ата-анасы Райымбек ауданында өмірге келіп, сол топырақта еңбек жолын бастапты. Аға-әпкелері Хантәңірі етегінде дүние есігін ашыпты. Ал кейін отбасы қызмет бабымен Жетісу облысына (сол кездегі Талдықорған облысы) қоныс аударған. Қаратал ауданына кіндік қаны тамса да, Мәулен Мамыров Аспантау аясына жиі атбасын бұрады. Өйткені оны өзі тамыр тартқан топырақтағы бабалар рухы бүгінгі биігіне жетеледі.
    Оның есімі спорттық шежіреге алтын әріптермен жазылды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңында Мәулен Сатымбайұлы жасөспірімдер мен жастар арасындағы ірі халықаралық додаларда дараланды, кейіннен ересектер құрамасында да зор табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, ол – КСРО кубогының иегері, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, КСРО және ТМД біріншілігінің қола жүлдегері, Азия чемпионы, Шығыс Азия және Орталық Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Азия кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпиада мен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Осынау бәсі биік бәсекелердің арасында Атлантадағы ХХVІ жазғы Олимпиада ойындары балуанның айрықша есінде қалыпты. Өйткені ол егемен ел атынан сынға түсіп, ерлік көрсеткен кез еді.
    «Атланта Олимпиадасы менің ең бір кемелденген кезіммен тұспа-тұс келді. Жалындап тұрған 25 жастамын. Өзім де сол әлемдік додаға алтын аламын деген зор сеніммен аттандым. Жарыстың алғашқы айналымында канадалық Грег Вудкрофты 10:0 есебімен тас-талқанын шығардым. Келесі кездесуде КСРО халықтары спартакиадасы мен ТМД чемпионатында мені алтыннан айырған Украинаның өкілі Владимир Тогузовтан «кегімді» алдым. Одан кейін төрткүл дүниенің теңдессіз балуаны, болгариялық Валентин Иордановтан ұтып жатып, қателікке бой алдырдым. Сол қателік мені Олимпиаданың алтыны үшін айқасу мүмкіндігінен айырды. Одан кейін түркиялық Метин Топақтаны оңай ұттым. Ал шешуші бәсекеде ресейлік Шешенол Монгуштан 3:2 есебімен басым түсіп, қола медальды мойныма ілдім. Алтыннан алқа тақпасам да, сол бір түрткүл дүние көз тіккен дүбірлі дода әлі есімнен кетпейді. Өйткені біз Атланта төріне Тәуелсіз елдің Туын тұңғыш көтеріп барып едік. Ал марапатталған сәттегі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өзімді әлемнің ең биік шыңына шыққандай күй кешіп, бойымды мақтаныш сезімі кернеді», – дейді Олимпиада жүлдегері. Көк Ту көтерілген сәт, азат елдің айбынды Әнұраны әуелеп, жүрек дүрсілімен үндесетін шақ жүлдегеріміздің көкірегінде мәңгі сақталатыны анық. Өйткені ол рух пен намыс биігіне шыққан ұмытылмас күн еді.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Ашықтық пен икемділік: Қазақстан шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін жаңа ережелер енгізіп жатыр
    03.05.2026
    Алатау қаласында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
    03.05.2026
    Ортақ іске жұмылған күн
    03.05.2026
    Туристік аймақтар тазартылды
    02.05.2026
    Балқаш өңірінде туристік аймақтар тазартылды
    02.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>