⛅
25°C
Қонаев
Сенбі, Мамыр 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Балқаш өңірінде туристік аймақтар тазартылды

    02.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Балқаш өңірінде туристік аймақтар тазартылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында Балқаш ауданы тұрғындары, өңірдегі мекеме-ұйым қызметкерлері жаппай сенбілікке шығып, бірқатар туристік орындарды қоқыстан тазартты.
    Атап айтсақ, 1–2 мамыр күндері аудан бойынша 2 мыңнан астам адам сенбілікке шықты. Тазарту жұмыстарына алғашқы күні 1250 адам қатысып, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Аудан аумағынан 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылса, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары аясында 418 түп ағаш отырғызылды. Ескерткіштер орналасқан орындар, ауыл көшелері, онымен қоса демалыс орындары тазартылып, өңір тұрғындары абаттандыру жұмыстарына да белсене қатысты. Оның ішінде Балқаш көлі мен Іле өзенінің жағалаулары қоқыстан толық тазартылды. Санитарлық тазарту жұмыстарының Балқаш көлі жағалауында жүргізілуі аудан халқының табиғатқа деген шынайы жанашырлығын айқындай түскендей. Айта кететін жайт, тұрғындар тек көл жағалауын ғана тазалап қойған жоқ, тіпті қайыққа мініп, Балқаш көлін қураған қамыстардан да тазартты. Табиғатты ортақ үйі санайтын балқаштықтардың тазалық сақтауға деген жігерін өзен мен көлдің мұздай суы да тоқтата алмады. Балқаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаевтың айтуынша, “Тазалық күндері” бастамасы – дер кезінде қолға алынған шара.
    – Шатқалдар мен көлдердің, оның ішінде Балқаш көлі мен Іле өзені жағалауларының тазалығы – өңірдегі тұрғындар мәдениетінің айқын көрінісі. Күн жылып, ауа райы тамылжыған мамыр айында ауданға туристер көптеп келе бастайды. Сол тұрғыда демалыс орындарындағы тазалық жүргізу және абаттандыру жұмыстарының қолға алынуы көңіл қуантады.
    Тазалықтың екінші күні кезекті сенбілікке 1050 адам қатысып, 17 арнайы техника жұмылдырылды. Кеңірек тарқатар болсақ, аудан аумағы 4,5 тонна қоқыстан тазартылды, 370 түп ағаш отырғызылып, ауыл көшелері мен қоғамдық орындарда санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды. Жиделі ауылында орналасқан “Завидово” балық аулау және аңшылық базасы да қоқыстан тазартылды. Себебі бұл аумаққа келетін демалушылардың қарасы тым көп. Таза табиғат қонақтардың өңірімізге деген ықыласын арттыра түсетіндіктен, оны аялау мен қоқыстан тазарту – әрбір азаматтың парызы.
    Бұдан бөлек, аудан көлеміндегі 15 ауылдық округ тұрғындары да сенбілікке белсене атсалысты. Атап айтар болсақ, Ақдала ауылдық округі тұрғындары Алтынсарин және Ахметов көшелерінде тазарту жұмыстарын жүргізіп, 2,5 га аумақтан қоқыс шығарылды. Сондай-ақ көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша 20 түп ағаш отырғызылса, Ақдала саябағында гүлдер егілді. Сонымен бірге Балатопар ауылында Есім және Рахымқұлов көшелері қоқыстан тазартылды. Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында Көжеков, Өксікбаев, Қожахметов және Байқуатов көшелерінде тазарту жұмыстары жүргізіліп, 5 техника тартылды.
    3 мамыр күні де аталған ауылдағы саябақтарда тазарту жұмыстары жүргізіліп, көгалдандыру және абаттандыру қолға алынады.
    Тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке Бірлік ауылында тұрғындар, мекеме қызметкерлері, 60-қа жуық ауыл жастары жұмыла қатысып, белсенділік танытты. “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Уәлиханов, Рысқұлов, Мақатаев көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
    Ал Көктал ауылдық округіндегі тазалық сенбілігінде тұрғындар өзінің аулаларын және Ахметов, Сәтбаев, Жандосов, Әмірбай көшелерін қоқыстан тазартты. 40-қа жуық тұрғын мен мекеме қызметкерлері қатысқан сенбілікке 2 техника жұмылдырылды. “Ауылына қарап, азаматын таны” демекші, Балқаш ауданы жұртшылығы Қазақстан Халқының бірлігі күнімен тұспа-тұс келген “Тазалық күндеріне” белсене ат салысу үстінде. Дәл осындай сенбіліктер аудан аумағындағы барлық ауылдық округтерде жүргізілді. 3 мамыр күні де санитарлық тазарту, абаттандыру, көркейту мен көгалдандыру жұмыстары жалғасатын болады.
    Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тазалық ол тек бір реттік сенбілік қана емес, Балқаш ауданындағы әрбір тұрғынның күнделікті мәдениетіне айналуы тиіс дағды. Аудан аумағындағы демалыс орындарының тазарту жұмыстарына өңір жастарының да белсене қатысқанын атап өткен жөн. Табиғатқа деген жанашырлық, туған жерге деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік, патриотизм әрбір азаматтың ауласынан басталатынын ұмытпайық!

    Алтынай СЕЙТКЕН

    Балқаш ауданы

     

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Соңғы жаңалықтар

    Туристік аймақтар тазартылды
    02.05.2026
    Балқаш өңірінде туристік аймақтар тазартылды
    02.05.2026
    Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
    02.05.2026
    Мәтібұлақта бұлақ көзі аршылды
    02.05.2026
    «Қыз Жібек» мекені жаңарды: Күртіде ауқымды сенбілік өтті
    02.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>