⚠️ API қатесі: cURL error 28: Operation timed out after 5000 milliseconds with 0 bytes received
Жексенбі, Мамыр 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ортақ іске жұмылған күн

    03.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Ортақ іске жұмылған күн
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

     

    1-3 мамыр аралығында қарадалалықтар «Таза Қазақстан» экологиялыөқ бағдарламасы аясында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырды. Бұл жолы сенбіліктерге тек мекеме қызметкерлері ғана емес, аудан тұрғындары, аудан аумағындағы демалыс орындарының жұмыскерлері, кәсіпкерлер атсалысты.

    Қарадала аумағы туристік нысандарымен баршаға әйгілі. Арасан ыстық сулары, Шарын шатқалы – еліміз ғана емес, алыс-жақын шетелден келген қонақтардың да назарын аудартатын демалыс орындары. Бұл күндері дәл осы туристік аймақтарда тазалау жұмыстары жүрді.

    Мыңға тарта тұрғын атсалысқан сенбілікте 16 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Бұл жолы Арасан ыстық су аумағындағы кәсіпкерлер де үлкен белсенділікпен кірісіп, табиғат-ананың тарту еткен аумағын тазалауға бір кісідей үлес қосты. Техникамен қамтамасыз етіп, туған жеріміздің тазалығын сақтауға бұдан былай да жұмыла атсалысатындарын айтты.

    Бұл күндері тек тазалық жұмыстары ғана емес, ағаш отырғызу шаралары да қатар жүрді. Аудан аумағында 400 түп көшет егілді. Тұрғындар болашақта бұл талдарды күтіп-баптау да назардан тыс қалмайтынына сендірді.

    Бірлік күні мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында «Туған өлкемнің табиғаты» атты сурет байқауы да өтті. Ашық аспан астында, табиғат құшағында өткен сурет байқауы Шарын ұлттық паркі қызметкерлері мен Үлкен Ақсу орта мектебі оқушыларымен бірлікте өтіп, жас суретшілер қылқалам арқылы ақ параққа табиғаттың сұлулығын бейнелеп, туған жердің кереметтігін жүректерімен сезінді. Бұл шара тек өнер байқауы емес, жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігн арттырып, оны қорғауға, аялап ұстауға деген жауапкершіліктерін арттыруға септігін тигізген айтулы шара болды.

    Бұл күндердегі сенбіліктер осылайша ерекше өтті. Әр тұрғын тек есеп үшін емес, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті сезініп шыққанын аңғартты. Осылайша сөзбен емес, туған жерге деген махаббаттарын іспен дәлелдеген қарадалалықтар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына өз үлестерін қосты.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Соңғы жаңалықтар

    Ортақ іске жұмылған күн
    03.05.2026
    Туристік аймақтар тазартылды
    02.05.2026
    Балқаш өңірінде туристік аймақтар тазартылды
    02.05.2026
    Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
    02.05.2026
    Мәтібұлақта бұлақ көзі аршылды
    02.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>