⛅
-0°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Егіз сарбаздар: Ұлттық ұланда биыл екінші рет ерекше оқиға тіркелді

    23.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Егіз сарбаздар: Ұлттық ұланда биыл екінші рет ерекше оқиға тіркелді
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланы тарихында сирек кездесетін ерекше оқиға бұл жолы Тараз қаласында тіркелді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінде бір мезетте төрт егіз жұп сарбаз қатар қызмет етіп жатыр.

    Бұл – биылғы жылдың өзінде құқықтық тәртіп әскерінде екінші рет болып отырған ерекше жайт.

    Әскерге шақыру кезінде сарбаздардың егіз екені анықталған сәттен бастап, Ұлттық ұланның әскери бөлім қолбасшылығы оларды бір-бірінен ажыратпай, қатар қызмет етуіне жағдай жасайды. Бұл шешім тек тұрмыстық қолайлылық емес, әскери ортадағы психологиялық тұрақтылық пен өзара қолдауды нығайтудың тиімді үлгісі ретінде бағаланады.

    Ұлттық ұлан қатарына былтыр Алматы облысынан шақыртылған 22 жастағы Диас пен Илияс Төлепбергендер бүгінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп жүр. Егіздердің бірі — Диас «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болып, әскери қызмет пен болашақ кәсіби даму жолын ұштастыра білді.

    Ал 19 жастағы Эльхан мен Эльшан Нуриевтер үшін әскери қызмет спорттағы жетістіктерін жаңа деңгейге көтерудің алаңына айналды. Олар әскерге дейін де, әскер қатарында да спорттың армрестлинг түрінен үздіктер қатарынан көрініп келеді.

    Түркістан облысынан шақыртылған 19 жастағы Нұрсұлтан мен Ерсұлтан Беркішовтар егіз болғанымен, сыртқы келбеті мен мінез-құлқы бір-біріне қатты ұқсамайтын ерекше жұп. Алайда қызметке деген жауапкершілік пен тәртіпке адалдық оларды бір мақсатта тоғыстырады.

    Шымкенттік Аман мен Есен Қонар – көпбалалы отбасының үлкендері. Олардың артынан ерген екі ұл мен төрт қыз бар. Бүгінде егіз сарбаздар №58 түзеу мекемесінде қарауылдық қызмет атқарып, отбасына үлгі болумен қатар, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жүр.

    Әскердегі Әскердегі егіз сарбаздар

     

    1 of 7
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    Ұлттық ұлан сапында бір мезетте бірнеше егіз жұптың қызмет етуі — бұл әскери құрылымдағы адамгершілік, бауырмалдық пен әскери тәртіптің үйлесімді көрінісі. Мұндай сирек жайттар әскери қызметтің тек қатаң талаптарға емес, рухани тұтастыққа да негізделетінін айқын дәлелдейді.

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Орны бөлек Орекең!…

    Орны бөлек Орекең!…

    1 year ago
    Майталман механизатор

    Майталман механизатор

    2 months ago
    Алматы облысының әкімі Қарасай ауданы тұрғындарымен кездесті

    Алматы облысының әкімі Қарасай ауданы тұрғындарымен кездесті

    3 years ago
    Халықтың ынтасы айрықша

    Халықтың ынтасы айрықша

    3 years ago
    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>