[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлт болашағы ­– ұрпақ сабақтастығы

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Ұлт болашағы ­–  ұрпақ сабақтастығы
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Еліміз егемендігін жария­лап, тәуелсіздіктің тұғырын қалай бастаған тұста 130-дан астам этнос өкілдері өмір сүретін Қазақстанда ұлтаралық қақтығыстар орын алады деп сәуегейлік жасағандар болғаны рас. Алайда біздегі татулық пен бірліктің шайқалуын күтіп, қоғамда этносара­лық кикілжіңдер тудыруды аңсағандардың бұл болжамы жүзеге аспай, еліміздің бір­тұтастығы салтанат құрған еді. Бұл маңызды әрі тағдыршешті іске Қазақстан халқы Ассамблеясы өз үлесін қосқанын жоққа шығаруға болмайды.

    Қарасай ауданында аталмыш ұйымның жанынан құрылған ақсақалдар мен аналар кеңестерінің есеп беру жиыны өтіп, жаңа төрағалары тағайындалды. Алқалы басқосуға Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, облыстық ақсақалдар мен аналар кеңестерінің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері мен Ассамблея жастары қатысты.
    Жасұлан Тоққожаұлы алдымен өңірде атқарылып жатқан ілкімді істерге аға ұрпақ өкілдерінің қосып жатқан үлесі зор екенін атап өтті. Жиында облыстан арнайы келген қонақтар да сөз алып, қоғамдағы ақсақалдар кеңесінің еліміздегі этнос өкілдерінің бірлігін нығайту, мемлекеттік тілді меңгеру және жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу жайындағы ойларын ортаға салды. Қазақстан халқы Ассамблея­сы облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев аймақта облыстық, қалалық, аудандық және 130 ауылдық округте ақсақалдар кеңесі жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Биыл 85 іс-шара ұйымдастырылып, олардың арасында ұлттық дәстүрді дәріптеу, ұрпақ сабақтастығын нығайту, тарихи тұлғаларды таныстыру сияқты көптеген шара, тағылымды кештер өткен. Оған төрт мыңнан астам адам қатысқаны да үлкен нәтиже болса керек. Амангелді Дәнібекұлы алдағы уақытта да мұндай бастамалар жалғасын табатынын жеткізді.
    Жиын барысында аналар кеңесінің де жұмыстары кеңінен сөз болды. Ол жайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева баяндады.
    – Алматы облыстық ҚХА жанын­да 146 аналар кеңесі бар болса, оның ішінде біреуі – облыстық, екеуі – қалалық, 9-ы – аудандық, ал 135-і – ауылдық құрылымдар, – деді Гүлнар Сағатқызы ­ сөзінің басында. ­­ Сол сияқты аналар кеңесінің өлкемізде ұлтаралық келісімді нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстары жайлы толымды ақпарат ұсынды.
    Облыс көлемінде аналар кеңес­інің ықпалымен жүзе­ге асып жатқан игілікті істер ауыз толтырып айтарлықтай. Қоғамдағы тұрақтылық пен бала тәрбиесіндегі бастамалар бір сәт те толастамақ емес. Оны облыс­тық аналар кеңесінің төрағасы нық сеніммен айтып, барлық аналар қауымына ақ тілегін білдірді.
    Егемен еліміздің іргетасын қалауға атсалысқан қадірменді қариялар бас қосқан жиында Қарасай аудандық аналар кеңесінің төрағасы Ақылия Бекбайқызының төрағалық міндетінің аяқталуына байланысты аудан әкімі Жасұлан Естенов оның ерен еңбегін, қоғам игілігі жолындағы белсенді қадамдарын, жемісті қызметін ерекше атап өтті. Соңынан қадірменді ананың иығына камзол жауып, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алғыс хатын табыс етті. Ал облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева өз сөзінде Ақылия Бекбайқызы­ның қоғамдық қызметі аяқталғанымен, ол кісіге деген құрмет ешқашан толастамайтынын, әрдайым «Құрметті төраға» деген мәртебесімен қала бере­тінін мақтанышпен жеткізді.
    Қарасайлықтардың ерекше құрме­тіне ие болған Ақылия Бекбай­қызы аналар кеңесіндегі төраға­лық қызметті ардагер-ұстаз Азиза Наймабаеваға табыс етті. Сондай-ақ бұл жиында аудан­дық ақсақалдар кеңесінің төрағалық міндеті те талқыға салынды. Қариялар алдындағы бұл жауапкершілігі мол қызметті алдағы уақытта Сағындық Жылқыбаев атқаратын болды.
    Жиын соңында облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық келісім және даму орталығының басшысы Елбосын Абайдың атынан Қазақстан халқы Ассемблеясының 30 жылдығына орай бірқатар қарасайлық қарияға Алғыс хаттар тапсырылды.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қауіпті анықтайтын көк код

    Қауіпті анықтайтын көк код

    11 months ago
    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    3 years ago
    Дамудағы оң динамика

    Дамудағы оң динамика

    2 years ago
    Алматы облысында «Заңғар-2025» жастар сыйлығының байқауы басталды

    Алматы облысында «Заңғар-2025» жастар сыйлығының байқауы басталды

    2 months ago
    Алматы облысында 3 жаңа мектеп ашылды

    Алматы облысында «Келешек мектептер» жобасы қарқын алды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>