⛅
4°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттік бақылау тәртібі өзгереді

    29.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Мемлекеттік бақылау тәртібі өзгереді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

        Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмайылов балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылау туралы заңға енгізілген өзгерістер жайлы баяндады.

    Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысы биыл 4 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған. Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібін реттейтін бұл түзетулер 2026 жылдың 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
    – Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мектеп, балабақша, сауықтыру лагері, медициналық ұйымдар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының ерекше бақылауында болады. Бұл тексерулер 4 түрлі негізде жүргізіледі: жоспарлы тексеру, жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру, нысанаға бару арқылы мониторинг жүргізу. Тексеру алдын ала хабарланбайды. Ерекше бақылау кезінде санитариялық ережелер мен нормалардың бұзылуы анықталған жағдайда, қоғамдық қауіпті салдардың туындауын болдырмау мақсатында жедел шаралар қолданылып, айыппұл салмай, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілуі мүмкін. Нұсқаманың орындалмағаны анықталған жағдайда, мұндай субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнім мен шикізат компоненттерінің сынамаларын іріктеу, қызметкерлердің жұмысын тексеру зертханалық сараптама арқылы жүзеге асырылады. Белгіленген заңдағы өзгерістер мен толықтырулар балалардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін қауіп-қатерлердің алдын алып, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырады. Осылайша мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі балалардың денсаулығын қорғаудың неғұрлым айқын, ашық және жедел жүйесін қамтамасыз етеді. Бұл балалардың оқитын, тұратын жері, тамақтануы, медициналық көмек көрсету сапасы үнемі кәсіби бақылауда екеніне ата-аналар сенімін арттырады, ал нысандар үшін санитариялық талаптар мен балаларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін сақтау керегін міндеттейді, – деді спикер.

    Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

    Ұсынымдар

    Болашақтың энергиясы

    Болашақтың энергиясы

    1 year ago
    Бақытжан Әбдібаевты еске алуға арналған баскетболдан республикалық турнир: дәстүр мен спорт рухының мерекесі

    Бақытжан Әбдібаевты еске алуға арналған баскетболдан республикалық турнир: дәстүр мен спорт рухының мерекесі

    4 months ago
    РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ

    4 months ago
    Міндетін мінсіз атқарған

    Міндетін мінсіз атқарған

    5 months ago

    Іскерлік байланыс – ілгерілеу кепілі

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>