☀️
22°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Іргелі істердің ұйтқысы

    29.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Іргелі істердің ұйтқысы
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

          Әкімдіктің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстық, қалалық және аудандық ақсақалдар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
    Отырысты облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әсел Жалғаспаева ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Ол өз сөзінде аймақтағы ақсақалдар кеңесінің нәтижелі жұмыс істеп келе жатқанын, түрлі бағытта маңызды жобалар жүзеге асырылғанын атап өтті.
    Келесі кезекте облыстық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаевтың осы жылда атқарылған жұмыстар жайлы баяндамасы тыңдалды. Амангелді Дәнібекұлының сөзінше, қазір аймақ аумағында 141 ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Бір облыстық, 2 қалалық, 9 аудандық, 130 ауылдық округте құрылған ақсақалдар кеңестері мүшелерінің жалпы саны 1203 адам. Биыл облыс бойынша барлық деңгейдегі ақсақалдар кеңестері 85 түрлі форматтағы іс-шара ұйымдастырып, оған 4230 адам қатысқан.
    – «Адал азамат» жобасы аясында ақсақалдар кеңесінің «Батагөй» облыстық байқауы өткізіліп, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға үлкен үлес қосылды. Байқау үш кезеңнен тұрып, ақсақалдар мен олардың немерелері бірлесе өнер көрсетіп, бата беру дәстүрі кеңінен насихатталды. Ұйымдастырушылық жұмысты күшейту үшін «Сүйек жаңғырту», «Сырға салу» секілді дәстүрлік шаралар жастар тәрбиесіндегі ақсақалдардың рөлін айқындай түсті. Жастармен кездесулерде ұлттық тәрбие, ұрпақтар сабақтастығы, отансүйгіштік, ел бірлігі жайы талқыланды. Ақсақалдар жастарға өмірлік тәжірибесін бөлісіп, олардың белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына ықпал етті. Этносаралық келісімге бағытталған «Татулық пен бірлік – қақтығыстардың алдын алу кепілі» атты кездесулер өткізіліп, қоғамдық медиаторлар ауыл тұрғындарының құқықтық мәдениетін көтеруге атсалысты. Сонымен қатар «Адал азамат» жобасы аясында ақсақалдар кеңесінің қатысуымен облыс көлемінде тәрбиелік, танымдық және қоғамдық маңызы бар бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Алатау қаласында мектепке дейінгі ұйым өкілдерімен отырыс өткізілсе, Іле ауданында қауіпсіз өмір сүру, отбасылық құндылықтар мен адамгершілік тәрбиеге бағытталған кездесулер ұйымдастырылды, – дей келе Амангелді Дәнібекұлы кеңестің биылғы жылдағы жұмысы жүйелі ұйымдастырылғанын айтып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
    Кеңейтілген кеңес отырысында Іле аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор Мақсат Сейдалыұлына, ҚХА мүшесі, «Алматы облыстық Элефтерия гректер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы, Георгий Иорданидиге де сөз берілді. Олар облыстық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің ел бірлігін нығайтып, этносаралық тұтастықты сақтап қана қоймай, өңірлердегі экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуде ерекше маңызға ие болып отырғанын айырықша атап өтті. Мақсат Сейдалыұлының айтуынша, ақсақалдардың ақылы мен өмірлік тәжірибесі, медиаторлардың кәсіби білігі өзара ұштасқанда ғана қоғамымызда татулық пен бірлік нығаяды. Ал бұл елдің берекесі мен болашағының баянды болуына негіз қаламақ.
    Кеңес мүшелері қоғамдық келісім мен рухани тәрбие бағытындағы бастамаларды ерекше атап өтіп, пікірлерін ортаға салды. Жиынға қатысушылар өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайту, ұрпақ тәрбиесін жетілдіру, ауылдық жерлердегі үйлестіру жұмыстарын арттыру жөнінде ұсыныстар айтты. Әсіресе жастар арасындағы тәрбиелік кездесулер мен этносаралық татулықты сақтау бағытындағы шараларды күшейту қажеттігі қозғалды. Отырыс мазмұнды пікірталаспен өтіп, өңірдегі қоғамдық келісім саласындағы жұмыстардың жаңа бағыты айқындалды, сондай-ақ ақсақалдар кеңесінің бірқатар мүшелеріне Алғыс хат табысталып, сый-сияпат жасалды.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Шешімдерге өзгеріс енгізілді
    27.04.2026
    «ҰЛТТЫҚ ӨНІМ» КӨРМЕСІ – ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
    27.04.2026
    Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
    27.04.2026
    Болашақ чемпиондар бозкілемде
    27.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>