Перейти к содержимому
Главная страница » Үздіктер үкіленді

Үздіктер үкіленді

Маңдай терін төгіп, абыройлы іс атқарып жүрген жандар қашанда құрметке лайық. Осы орайда қалтқысыз еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азамат­тарды «Жыл үздігі» номинациясымен марапаттау дәстүрге айналып келеді.

Кеген аудандық Мәдениет үйінде өткен шара өңірдің даму барысын баян­дайтын бейнеүзіндімен басталды. Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев жыл ішінде атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқтала келе, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Жарлығы бойынша ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Тоқтарбек Баймолдаевты, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Кеген орман шаруашылығы мекемесінің директоры Айболат Әскербекұлын, «Шапағат» медалімен дәрігер Гүлмира Мұқанованы марапаттады.
Шарада аудандық мәслихат депута­ты Ерғали Сатыбалдыұлы – «Үздік халық қалаулысы», Мойнақ су электр стансасы бас инженерінің орынбасары Әнуар Мұханбетұлы – «Коммуникация саласының үздігі», Шырғанақ ауыл­дық округі әкімдігінің бөлім басшысы Маржан Мұханова – «Үздік мемлекеттік қыз­метші», Тасашы ауылдық округінің әкімдігі – «Үздік ауылдық округ», «Достар стройинвест» ЖШС директоры Айдос Нұрланұлы – «Үздік құрылысшы», аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлдана Жұмабекқызы – «Үздік қаржыгер», «Ереуіл» халықтық-фольклорлық этно­графиялық ансамблінің жетекшісі Мақсат Мәжитұлы – «Мәдениет сала­сының үздік қызметкері», «Темірлік» орманшылығының орманшысы Берік Шарғынов – «Үздік орманшы», дәрігер Назым Әлібекқызы «Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкері» аталым­дарын иеленді. Сондай­-ақ, жиында ауданның әлеуметтік-­экономикалық дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облысы әкімі және Кеген ауданы әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Кеш мерекелік концертке ұласып, аудандық Мәдениет үйінің әншілері салтанатты шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл­-күй сыйлады.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы