⛅
20°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Көшпенділер әлеміне саяхат жасады

    16.07.2023
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият, Туризм және саяхат
    Көшпенділер әлеміне саяхат жасады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қарасай ауданындағы «NOMAD» этноауылында «Көшпенділер әлемі» деген тақырыпта танымдық фестиваль өтті. Аталған шара жас ұрпақтың тарихымызды тереңнен тануына мүмкіндік берді.

    Қонақтар көшпенділер әлемімен қайта қауышқандай әсерге бөленді. Онда ата-бабаларымыз киген сауыт-сайман мен қару-жарақтардың үлгілері жұртшылық назарына ұсынылды. Бұдан кейін шараны ұйымдастырушылар жауынгерлердің жекпе-жек сайысы, қаруларды шебер пайдаланудың әдіс-тәсілдерін көпшілікке паш етті. Сонымен қатар, теңге алу, аударыспақ, жамбы ату, көкпар сияқты ат үстіндегі ұлттық ойындар да қонақтардың делебесін қоздырды.

    «NOMAD» этноорталығы ашық аспан астындағы тірі музей болып есептеледі. Олай дейтін себебеміз, өзге мұражайларда жәдігерлерге қол тигізуге тыйым салынатын болса, біздің экспонаттарымызды қолмен ұстап, тіпті, үстіңе киіп көруге де рұқсат етіледі», – дейді этноауылдың негізін қалаған Жандос Нұрбеков.

    Оның айтуынша, бұл орталық ресми түрде 2018 жылы ашылған. Жобаны жүзеге асыруға Жандоспен бірге Нұрлан Лахан, Данияр Байдаралин және Станислав Потапов та өз үлестерін қосқан. Этноауылдың көгалдануына, жылқылармен толығуына Шамалған ауылының тұрғыны Серік Бакишевтің де көмегі көп тиген.

    «Адам жылқыны қолға үйретіп, атқа қонған кезден басталған көшпенділер өркениеті адамзат дамуының бастауында тұрғанын неге айтпасқа?! От қаруы дүниеге келгенге дейін әлемдік маңызды процестердің барлығы көшпенділер қолымен жасалғанын әлем мойындауы керек. Жас ұрпақ осыны жадына сақтап, ұлы бабаларымыздың жалғасы екендіктерін ұмытпаса, болашаққа сеніммен қарайтын болады», – дейді Жандос Нұрбеков.

    Қуат Қайранбаев

    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық өрнек – ұрпаққа өнеге
    30.03.2026
    Салт-дәстүрім – салтанатым
    30.03.2026
    Баскетбол бәсекесі
    30.03.2026
    Қонаев құрамасы көкпардан чемпион атанды
    30.03.2026
    Кеудені кеспей жасалған күрделі операция 95 жастағы науқас өмірін сақтап қалды
    30.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>