⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз»

    01.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мереке, Президент
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз»
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтауында өткен жылы жеткен жетістіктерге тоқталды.

    “Біз әр жетістікке жұртымыздың ерен еңбегінің арқасында жеттік.

    Азаматтарымыз білім, ғылым, мәдениет салаларында биік белестерді бағындырды. Олар халқымызды рухы асқақ, зияткер ұлт ретінде танытуға зор үлес қосты.

    Оқушыларымыз халықаралық білім сайыстарында топ жарды. Спортшыларымыз әлемдік додаларда үздік шықты, Көк туымызды желбіретті.

    Биыл біз «Жұмысшы мамандықтары жылын» атап өттік. Еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсеттік. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Мемлекет мұғалімдер мен дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсетті және осы саясат ұзақмерзімді стратегиялық сипатқа ие болды. Еліміздің мәдениет және ғылым қайраткерлеріне жан-жақты қолдау көрсетілді.

    Адал еңбектің қадірін білетін ұлттың келешегі де жарқын болмақ. Өз кәсібінің нағыз маманы болған отаншыл азаматтар еліміздің көшін алға бастайды.

    Осылайша, ХХІ ғасырдың бірінші ширегін абыроймен аяқтадық. Экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша Қазақстан осы саяси-географиялық кеңістікте көш бастады.

    Бәріміз бір ел болып Әділетті, Қауіпсіз, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құрып жатырмыз.

    Енді, міне жылқы жылына аяқ басқалы тұрмыз. Қазақ үшін қазанаттың орны қашанда бөлек. Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз. Өркениетті ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Алға қойған биік мақсатымыз және нақты жоспарымыз бар” деді Мемлекет басшысы жаңа жылдық құттықтауында.

    Соңғы жаңалықтар

    Чернобыль апатына – 40 жыл: Қонаевта еске алу шарасы өтті
    23.04.2026
    Жамбылдықтармен жүздесті
    23.04.2026
    Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнімен құттықтады
    23.04.2026
    Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
    23.04.2026
    Ойшыл болғыңыз келсе, кітап оқыңыз
    23.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>