☀️
0°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастар неге қатыгез?

    17.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Жастар неге қатыгез?
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Соңғы жылдары қоғамды алаңдатқан құбы­лыстардың бірі – жастар арасын­дағы төбелес, қатыгездік пен мектеп оқушыларының бір-біріне деген аяусыз әрекеттерінің жиілеуі. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда қатарлас балалардың бірін-бірі ұрып-соғып, қорлап, тіпті топ болып жабылған сәттері жұрттың жанын түршіктіреді. Бұрын мұндай көріністер тосын оқиға ретінде қабылданса, бүгінде үйреншікті жайтқа айналып бара жатқаны қауіпті.

    Жасөспірімдік кезең – мінез бен болмыстың қалыптасар шағы. Бұл уақытта бала ортаға бейімделіп, өз орнын іздейді, әділет пен әділетсіздікті алғаш рет айқын сезінеді. Алайда осы кезеңде зорлық пен өктемдік «күштің белгісі» ретінде қабылданса, оның салдары ауыр болары сөзсіз. Қоғамда орын алып жатқан төбелестер мен қатыгездік көріністері кездейсоқ емес, ол – ұзақ уақыт бойы жиналған ішкі дағдарыстың сыртқа шығуы. Мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, тұлға тәрбиелейтін орта. Ал сол ортада бір баланың екіншісін қорлауы, әлсізді таптауы, көптің күш көрсетуі – тәрбие жүйесіндегі олқылықты аңғартады. Бұл жерде кінәні тек балаға арту әділетсіздік болар. Өйткені бала көргенін қайталайды. Үйдегі қатынас, көшедегі көрініс, экрандағы бейнелер оның ішкі әлеміне әсер етпей қоймасы анық.
    Психологтардың пайым­дауынша, қатыгездік көбіне мейірімнің жетіспеуінен туады екен. Үнемі ұрыс-керіс көріп өскен, сөзбен емес, күшпен тәрбиеленген бала өз мәселесін де сол жолмен шешуге бейім болады. Ал әлеуметтік желілердегі агрессияны, зорлықты дәріптейтін бейнелер мұны одан бетер күшейтеді. Жасөспірім санасы әлі толық қалыптаспағандықтан, ол шынайы өмір мен виртуалды кеңістіктің аражігін ажырата бермейді. Жастар арасындағы төбелес кейде ұсақ сөзден басталады. Бірін-бірі басыну, намысына тию, топтасып үстемдік жүргізу – мұның бәрі ішкі сенімсіздіктің белгісі. Өзін сөзбен, біліммен дәлелдей алмаған адамның қара күшке жүгінері анық. Ал мұның дұрыс шешім еместігін түсіндіру әрине үлкендердің міндеті.
    Мектеп оқушылары арасындағы аяусыздықтың тағы бір себебі – баланың бақылаудан шығуы. Мұғалімнің, ата-ананың қадағалауы болмаған кезде бала еркіндікті сезінеді. Мұндай жағдайда жасөспірімнің өз қалағанын істеп, шектен шығуы оп-оңай.
    Бүгінгі бала – ертеңгі қоғам мүшесі. Сондықтан бала тәрбесіне тек мектеп пен ата-ана ғана емес, бүкіл қоғам үлес қосуы тиіс. Әрбір іске жастарды кінәлаудан бұрын, олардың бұл әрекетке неліктен барғанын білу маңызды. Баланың бойындағы ашуды бүгін құрықтап, оның ішкі жан-дүниесіне үңілмесек, ертең кеш болуы ықтимал. Жастар арасындағы төбелес те – ұлттың ертеңіне қағылған дабыл. Ал сол дабылды есту, одан қорытынды шығару – баршаға ортақ міндет.

    Назерке АСЫЛБЕК,
    Алматы қаласындағы «Мөлдір» балабақшасының тәрбиешісі

    Ұсынымдар

    Елдімекен атаулары өзгерді

    Елдімекен атаулары өзгерді

    2 years ago
    Жарты ғасырдан кейін жаңғырған ерлік

    Жарты ғасырдан кейін жаңғырған ерлік

    9 months ago
    Желтоқсан оқиғасы: кім кінәлі?

    Бір арнаға тоғысса…

    1 year ago
    Қараусыз қалған автобекет

    Қараусыз қалған автобекет

    7 months ago
    Ел намысын қорғаған

    Ел намысын қорғаған

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>