Алматы облысының әкімі міндетін атқарушының өкімімен Асыл Нұрәліұлы Ваисов облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Асыл Нұрәліұлы 1979 жылы туған. Білімі – жоғары, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «бухгалтерлік есеп және аудит», 2005 жылы Орталық Азия университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 2023 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «іскерлік әкімшілік жүргізу» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2002 жылы қаржы полициясы органының қызметкері болып бастаған. Әр жылдары «РосКазСекьюрити» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «Арлан GROUP Секьюрити» ЖШС директоры, Талғар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Панфилов ауылдық округінің әкімі, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды.




