Қасиетті Сыр топырағында өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші
отырысы — ел дамуының жаңа бағытын айқындаған тарихи белес болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алаштың анасы» атанған өңірде
ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру мен мемлекеттігімізді нығайтудың
стратегиялық бағдарын жария етті. Президент өз сөзінде тарих пен тағылым
сабақтастығына тоқталып, Қызылорда жерінің мемлекеттігіміздің алтын
бесігі екенін, бүгінде заманауи өркениеттің орталығына айналып отырғанын
атап өтті. «Сыр елі — жыр елі ғана емес, ол ерен еңбек адамдарының
мекені» – деді.
Еліміздің болашағына бағдарын айқындаған Мемлекет басшысы
бірқатар маңызды шешімдерді жариялады. Бұл басымдықтар еліміздің заман
талабына сай дамуы үшін керек. Әсіресе цифрландыруға баса мән берді.
Өйткені цифрландырудың барлық салаға қатысы бар. Соның ішінде білім
саласына қатысты айтқаны көкейімнен шықты. Білім мен ғылымға
инвестицияны адам капиталының сапасымен тікелей байланыстыру —
стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім. Себебі кез келген технологиялық
серпілістің түпкі нәтижесі экономикада емес, ең алдымен адам әлеуетінде
көрінеді. Әсіресе, тарихи бетбұрыс кезеңінде бұл салаға салынған қаржы —
болашаққа жасалған ең сенімді инвестиция.
«Біздің мақсатымыз — пиар-акциялар емес, нақты жетістік» — деген
Президенттің салмақты сөзі бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Құрылтай — халық пен билік арасындағы алтын көпір. Ал келесі
Парламенттің атауын қасиетті «Құрылтай» ұғымымен байланыстыру туралы
бастама — елдік мүдде мен демократиялық үрдістердің сабақтастығы.
Бірлігіміз бекем, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы еңбегіміз еселі
болсын!
Сәуле ӘЛІМҚҰЛОВА,
Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты,
Сарыбастау орта мектебінің директоры





