🌧️
3°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Арал тағдыры мен «Таза Қазақстан» – елдік жауапкершілік

    21.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Лебіз, Саясат
    Арал тағдыры мен «Таза Қазақстан» – елдік жауапкершілік
    0
    SHARES
    51
    VIEWS

    Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті. Ел дамуының стратегиялық бағыттары мен қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелер кеңінен талқыланған бұл жиынның Сыр өңірінде өтуі – терең тарихи әрі символдық мәнге ие.

    Ұлттық құрылтай жұмысына еліміздің барлық өңірінен келген депутаттар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді азаматтар қатысты. Құрылтай ашық пікір алмасу мен мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайтатын маңызды алаң ретінде тағы да өз маңызын дәлелдеді.

    Сыр өңіріне арнайы келген Мемлекет басшысы Арал теңізінің тағдырына ерекше тоқталды. Президент атап өткендей, Қызылордаға келіп, Арал мәселесін қозғамай кету мүмкін емес.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды сақтап қалу бағытында нақты әрі ауқымды жұмыстардың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді. Соның ішінде теңіз деңгейін көтеруге бағытталған ірі жобаның қолға алынатыны, оның жыл соңына дейін іске асырылуы жоспарланып отырғаны айтылды. Бұл бастама Кіші Аралдың су көлемін арттырып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді. Арал – тек экологиялық мәселе емес, ол ұлттың болашағы, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің өлшемі екені құрылтай барысында тағы бір мәрте айқындалды.

    Ұлттық құрылтайда экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне айрықша мән берілді. Президент экологияны қорғау тек еріктілердің немесе жекелеген азаматтардың міндеті емес екенін атап өтті.

    – Табиғатқа жанашырлық баршаға ортақ болуы тиіс. Бұл іске әсіресе өндіріс орындары, экологиялық тәуекелі жоғары кәсіпорындар белсенді түрде қатысуы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

    Осы орайда мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы жауапкершілікті нақты бөлісіп, бірлескен іс-қимылға көшу қажеттігі айтылды.

    Президент Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасын жаңа мазмұнмен толықтыруды ұсынды. Бұл бастама тек сенбілікпен шектелмей, қоғамдық сана мен өмір салтына айналуы тиіс екені баса айтылды.Мемлекет басшысы әрбір азаматты өз ауласынан бастап, тұтас өңіріне дейін тазалық пен көркейтуге үлес қосуға шақырды.

    – Тұрғындар ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына осылай атсалысса, бұл – халқымыздың азаттығына жасалған ең үлкен тарту болар еді, – деді Президент.

    Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын, қоғамды ортақ мақсаттарға жұмылдыратын маңызды оқиға болды. Аралды қалпына келтіру, экологиялық жауапкершілік, саяси реформалар мен «Таза Қазақстан» бастамасы – барлығы да Қазақстанның тұрақты дамуына, ұрпақ алдындағы аманатқа адал болуға үндейді.

    Ұлттық құрылтай – елдік сананы жаңғыртып, бірлік пен жауапкершілікті тереңдететін, мемлекет пен халықты ортақ мұрат жолында тоғыстыратын тағдырлы алаң екені осы жиында тағы бір мәрте айқын көрінді.

    Жұмабек Бастаубаев,

    «Байтақ» жасылдар партиясы төрағасының орынбасары

    Ұсынымдар

    Аяла есімді тұрғын алғаш рет саяси науқанға қатысты

    Аяла есімді тұрғын алғаш рет саяси науқанға қатысты

    1 year ago
    «Құқықтанудың» құдыреті

    «Құқықтанудың» құдыреті

    8 months ago
    “Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар” істі болды

    “Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар” істі болды

    3 years ago
    Мемлекеттің, инвесторлардың және қоғамның мүдделерін қалай теңестіруге болады?

    Мемлекеттің, инвесторлардың және қоғамның мүдделерін қалай теңестіруге болады?

    8 months ago
    Қолөнерден қол үзбеген

    Қолөнерден қол үзбеген

    6 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>