☀️
20°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Халықтың пікірі толық ескерілгені дұрыс

    26.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз, Саясат
    Халықтың пікірі толық ескерілгені дұрыс
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Бүгін Елордамыз – Астанада Президент Жарлығымен жуырда ғана құрылған Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Түс ауа үшінші отырыс өтеді екен. Ең маңыздысы, еліміздің болашақта саяси даму бағыттарын айқындап, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістерді талқылау – ашықтық, жариялылық негізінде өтіп, халыққа тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Демек, Тәуелсіз еліміздің кез келген азаматы бұл отырыстарда талқыланатын мәселелерді комиссия мүшелерімен бір мезетте тыңдап, өздерінің ой елегінен өткізіп, ұсыныс-пікірлерін жолдауға кең мүмкіндік алып отыр деген сөз.
    Екінші отырыста модераторлық еткен Комисия жетекшісі, ҚР Конституциялық сотының төрайымы Эльвира Азимова қазірдің өзінде Комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін атап өтті. Спикердің айтуынша, бұл ұсыныстардың барлығы біртұтас Жинақталған кестеге топтастырылған. Ал қарапайым азаматтар мен сарапшылардың белсенді қатысуы конституциялық өзгерістердің қоғамдық маңызын және реформаға деген қызығушылықты айқын көрсетеді.
    Шынында да солай болуы керек. Ел мүддесі, ұлт мүддесі жолында болашағымызды айқындайтын аса маңызды саяси, тіпті әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыланған кезде биліктің қайнар көзі саналатын халқымыз одан тыс қалмауы тиіс. Осыны халқымыз жан-жүрегімен сезініп, саналылықпен белсенді түрде қатысып, әрбір азамат өз ой-пікірін, нақты ұсынысын білдіргені жөн және халықтың пікірі толық ескерілгені дұрыс. Өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған бұл конституциялық реформа бірінші кезекте бүкіл Қазақстан халқының мүддесі үшін жүргізіліп жатыр ғой!
    Бұл ретте тағы бір жайтты атап айтқым келеді, ол – сайлауға қатысу мәселесі. Ата Заң бойынша азаматтар өздерінің сайлау және сайлану құқын нақты пайдалану арқылы өз өкілеттіктерін жүзе асырады. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары халықтың сайлау науқандарына қатысу көрсеткіші төмендеп кеткенін көпшілік жақсы біледі. Ал мұндай науқандарға белсенді қатысу – жергілікті жерлерден бастап, ең жоғары билік ұйымдарына дейін білімді, білікті, отаншыл азаматтардың келуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан, тұрғындар қоғамдық-саяси өмірде белсенді болып, өз мүддесі мен бірге ел мүддесі үшін қабылданатын шешімдерге байыпты, сауатты және жан-жақты пікір білдіргендері жөн. Бүкіл әлем халық билігі санайтын – демократия дегеніміздің де басты талабы осы!

    Серік ДҮМШІБАЕВ,
    «Аманат» партиясы
    Талғар аудандық филиалының төрағасы

    Соңғы жаңалықтар

    Есік қаласында сенбілік өтті
    28.03.2026
    Алматы облысы «Жер сағаты» акциясына қатысады
    28.03.2026
    Жаңа визит-орталығы ашылды
    28.03.2026
    Іле ауданында ауқымды сенбілік өтті
    28.03.2026
    Жастар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>