Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп, онда алдағы реформаға байланысты келіп түскен ұсыныстар
талқыланды. Шығып сөйлеушілердің баяндамалары барысында еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Комиссия отырысында айтылған ойлар мен пайымды пікірлердің барлығы ел дамуына зор ықпал ететініне сенімдімін. Сондықтан жан-жақты сарапталып барып қабылданатын Конституциялық өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін
күшейте түседі деген ойдамын.
Осы орайда Мемлекет басшысы бастамашыл болған «Құрылтай» және «Халық кеңесі» сияқты жаңа органдардың құрылуын атап өткім келеді. Екінші отырыс кезінде осы атаулар мен атқаратын қызметіне қатысты оралымды ойлар айтылды. Оның тиімділігі мен мемлекет мүддесі үшін әсері халық арасындағы бірлікті нығайтады деп есептеймін. Қысқаша айтар болсам, саяси реформалардың қай-қайсысын алып қарасақ та, ұтымды ойластырылып, қоғамның дамуына, елдің тұрақтылығына едәуір үлес қосады деген сенімдемін. Еліміз Президентінің бастамаларына сеніммен қараймын.
Ақниет ТҰРЫСБЕКҰЛЫ,
Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары





