Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырыстарында ел дамуындағы маңызды мәселелер талқыланды. Мұның өзі реформаның қағаз жүзіндегі уәде емес, нақты саяси шешімдерге ұласуы тиіс екенін тағы бір мәрте көрсетті. Қоғамның күтіп отырғаны да сол – пікір алмасу ғана емес, билік тепе-теңдігін нығайтатын, азаматтардың құқықтарын шынайы қорғайтын нақты механизмдердің іске қосылуы. Сондықтан реформаның басты шарты оның нақты іске асуында болмақ.
Жүзеге асырылатын реформаның мазмұнды түрде талқыланып жатқаны анық байқалады. Талқылауға салынған ұсыныстардың нақты іске асырылу тетіктері мен ықтимал салдарына назар аударылуы – бұл үрдістің жай ғана хаттамалық сөз емес, жүйелі өзгеріске бағытталғанын аңғартады. Әсіресе билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік, азаматтардың құқықтарын күшейту және саяси жауапкершілікті арттыру мәселелерінің күн тәртібінде болуы маңызды. Түптеп келгенде қоғам күтіп отырған басты нәтиже – осы талқылаулардың ашықтықпен жүзеге асып, нақты әрі жұмыс істейтін шешімдерге айналуы дер едім.
Айткүл МЕДЕУОВА,
Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы




