Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Бақыт Нұрмұханов Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды. Онда адам құқығы мен бостандығына қатысты нормаларға ерекше мән берілді. Сөз бостандығы, сот тәуелсіздігі және әлеуметтік құқықтарға қатысты ережелер нақтыланып отыр. Сонымен қатар неке мен отбасы құндылығы, қоршаған ортаны қорғау мәселесі конституциялық деңгейде күшейтіледі.
Мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты да маңызды өзгерістер – бір палаталы Парламентке көшу, Құрылтай мен Халық Кеңесінің рөлін айқындау, Конституциялық соттың мәртебесін нақтылау мәселелері де сөз болды.
Конституциялық комиссияның төртінші отырысы заңды заман талабына сай бейімдеуге арналған нақты әрі жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетті.
Әсемгүл Байдулатова
Кеген ауылындағы Кеңес Нұрпейісұлы атындағы
мектеп-лицейінің мұғалімі




