Бүгін Конституциялық комиссия отырысында жаңа Ата Заң қабылдау мәселесін қарау ұсынылды. Азаматтық қоғам бұл жайға аса мән беруде, қоғамдық ұйымдар, жекелеген азаматтар үндеулер жасап, әлеуметтік желіде елімізді дамытудың балама нұсқаларын белесене ұсынуда. Осы құбылысты аңдағанда келетін ой – Президент ұсынып отырған мемлекеттің даму бағытын таңдауда қоғам бейжай селқос қалмай, белсенділік таныту керек дегенойдамын.Конституциялық реформаның түпкі мәні – құқықтық сабақтастықты сақтай отырып, қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін орнықты әрі өміршең жүйе қалыптастыру.
Тұрақтылық пен жаңару өзара үйлесім тапқанда, мемлекет дамуының берік құқықтық негізі қаланады. Алматылық ғалымдар осындай пікірде. Айтуларынша, Конституциялық реформа – елдің жаңару жолындағы, әділдік пен құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Тілеулес Ұзақов,
«Ардагерлер ұйымы» Еңбекшіқазақ
аудандық филиалының төрағасы





