🌫️
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел дамуына жол ашады

    03.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз, Саясат
    Ел дамуына жол ашады
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Жаңа Конституцияда адамның негізгі құқықтарын қорғауға басымдық берілген. Мысалы, өмір сүру құқығының абсолюттілігі, жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғау, сондай-ақ «Миранда ережесі» бекітілген. Сонымен қатар, жоба сөз бостандығы, ғылыми, техникалық және шығармашылық еркіндік, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау мәселелерін қамтиды.
    Бұдан бөлек, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған. Мәселен, дін мен мемлекеттің бөліну қағидаты бекітілген. Рухани және діни оқу білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты жарияланады, Сонымен қатар, неке – ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы деген ереже енгізілген. Бұл көзқарас әйелдердің құқықтарын қорғауды және дәстүрлі құндылықтар-ды нығайтуға бағытталған.
    Конституциядағы мемлекеттің, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қолсұғылмаушылығы туралы норма қаз-қалпында қалады. Жаңа жобаға тек Астанадағы халықаралық қаржы орталығының қызметі мен Алматыдағы Алатау қаласын дамытуға қатысты белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қааларды құру мүмкіндігін енгізу ұсынылды. Конституцияның ішкі логикалық тұтастығын қамтамасыз ету мақсатымен «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы» делініп, ұлттық құндылықтар мен заман жаңа талаптары ескерілді. «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деп аталатын жаңа бөлім басты құжатты ең үздік халықаралық тәжірибеге сай жаңартуға мүмкіндік береді. Ал атауы өзгерген «Сот жүйесі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» бөлімі де түзетіліп жатыр. Оған сот ісін жүргізу нысандарын кеңейтуге, әділеттілік пен сот тәуелсіздігінің конституциялық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ сот жүйесіндегі кадр мәселелеріне қатысты сот мәселелері бойынша маңызды ұсыныстар енгізілді.
    Жаңа жобада «Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару нысаны – президенттік республика» деп бектіліп, егемендік пен тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық, Республиканың басқару нысаны ешқашан өзгермейтін құндылылықтар санатына жатқызылды. Президенттік басқару – ішкі-сыртқы саяси тұрақтықтылыққа кепілдік болады.Сонымен қоса елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», Әділетті Қазақстан, «Ықпалды Президент – күшті Парламент – есеп беретін Үкімет» құрылып жатыр. Конституциялық реформа халық пен мелекеттің игілі үшін Президент пен Парламент, Халық Кеңесінің ықпалы арттырылып, мемлекеттік басқару жүйесі жаңа сатыға көшіріліп жатыр. Жаңа Конституция елдігіміздің нығайып, еліміздің дамуына даңғыл жол ашып, кепіл болады. Жаңа реформалармен жаңа Қазақстанның эволюциялық дәуірі бастамақ.
    Ерзат АСЫЛ,
    журналист,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Алматы – Қонаев» тасжолы бойында сенбілік өтті

    «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Алматы – Қонаев» тасжолы бойында сенбілік өтті

    3 months ago
    Үлкен міндет жүктеледі

    Үлкен міндет жүктеледі

    2 weeks ago
    Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

    Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

    2 years ago
    Қонаев қаласында абаттандыру ережелерін бұзғандар ескерту алды

    Қонаев қаласында абаттандыру ережелерін бұзғандар ескерту алды

    3 years ago
    Жаңа коллекциялық монеталар айналымға шықты

    Жаңа коллекциялық монеталар айналымға шықты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>