Жаңа Конституция жобасы кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады
Жаңа Конституция жобасында 4-бапта «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы» деп жазылды. Конституция мәтінінде «республикалық референдум» ұғымы «жалпыхалықтық референдум» деп өзгертілді. «Халық билікті жалпыхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді және өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді», -делінген.
Сонымен қатар, Конституция жобасында діннің мемлекеттен бөлінгені туралы қағидат тағы да бекітілген. Діни бірлестіктер еркін қызмет ете алады. Алайда олардың қызметі қоғамдық тәртіпке, адам құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қауіп төндірген жағдайда шектелуі мүмкін.
Нәтижесінде мемлекет ұтымды жол тауып, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесін тек референдум арқылы шешу қажеттігін бірден айқындады.
Осылайша, жаңа Конституция жобасының жариялануы- қоғамның сұранысына негізделген ұзақ әрі мұқият сараптамалық жұмыстың нәтижесі.
Ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар оңынан болсын!
Дәурен Ермекбайұлы,
Кеген ауданы, Тасашы ауылдық кітапханасының кітапханашысы




