☀️
0°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесі Пленумының мәлемдемесі

    04.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Партия, Саясат
    «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесі Пленумының мәлемдемесі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    2026 жылдың 4 ақпаны, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

    1. 1.«Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Конституциялық комиссия әзірлеген Жаңа Конституция жобасын қолдайды.
    2. Аталған жоба Мемлекет басшысының өз өкілеттігіне сайланған алғашқы жылдан бастаған бірқатар реформаларының қисынды жалғасы болып табылатынын атап өткен жөн деп санаймыз.

    Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Президенттің 2019 жылдың желтоқсанында «Парламенттік оппозиция туралы» заңды қабылдау жөніндегі тапсырмасы болды. Осы бастаманың нәтижесінде 2020 жылы «Ақ жол» демократиялық партиясы 2012 жылы әзірлеген аттас заң жобасын қабылдау мүмкін болды, бұл парламенттік қызметті реформалаудың, ашық көппартиялық пікірталасты қамтамасыз етудің бастауына айналды. Бүгінде «Ақ жол» фракциясы көптеген мәселелер, соның ішінде Үкімет Есебі бойынша баламалы түрде сөз сөйлеп, дауыс беру арқылы бұл мүмкіндіктерді табысты жүзеге асыруда.

    Осылайша, мемлекет институттары өкілеттіктерінің ашықтығы мен теңгерімі қағидаттары қаланды.

    1. 2022 жылғы Конституциялық реформа барысында Президент мемлекеттік басқару жүйесін жүйелі түрде қайта жүктеуді жүзеге асырып, ұлт өмірінің саяси ғана емес, әлеуметтік, экономикалық және ресурстық қырларын да қамтып, осы өзгерістердің әлеуетін ашуға арналған құқықтық негізді қалады.
    2. Сондықтан, талқыланып отырған реформаны жекелеген, бір реттік акт ретінде емес, ұлттың егемендігі мен өркендеуін дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясындағы маңызды, айқындаушы кезең ретінде қарастыру қажет.
    3. «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін бұл реформа аясында партиямыз көптеген жылдар бойы табанды түрде көтеріп келген мәселелердің шешімін табуы аса маңызды. Олардың қатарында қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің ата-бабаларымыз қалаған ғасырлар қойнауындағы мемлекеттермен тарихи сабақтастығын бекіту, ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, халықаралық шарттардың сөзсіз басымдығынан бас тарту, партиялық тізімдер бойынша сайланатын бір палаталы Парламентке көшу, цифрландыру дәуірінде жеке меншікті, банк құпиясын және дербес деректерді қорғау және басқа да мәселелер бар.
    4. Бір палаталы Құрылтай, Вице-Президент лауазымы, Халық Кеңесінің құрылуы сияқты жаңа институттардың пайда болуын ескерсек, іс жүзінде Қ. Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы аясында жаңа саяси модельді қалыптастыру туралы сөз болып отыр.

    Азаматтар құқықтарының кепілдіктерін нығайту, мемлекеттің өзгермейтін негізгі қағидаттарын бекіту, конституциялық құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдың айқындылығы мен икемділігі – билік пен қоғам арасындағы қатынастарды сенім мен ынтымақтастықтың жаңа, ашық деңгейіне шығаруға, ұзақ мерзімді даму мен ұлттық табыстың берік негізіне айналуға бағытталған.

    1. Жаңа Конституцияны қолдай отырып, «Ақ жол» демократиялық партиясы жалпыұлттық референдум барысында оны түсіндіру және қолдау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарына жан-жақты қатысу міндеттемесін өз мойнына алады.

    Ұсынымдар

    Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормалар талқыланды 

    Жауапты депутаттар – ашық шешімдер: Құрылтай қалай жұмыс істейді

    1 week ago
    Балабақша

    Балабақша қызметкерлерінің жалақысын өсіру қарастырылып жатыр

    3 years ago
    Пәтер кілттері табысталды

    Пәтер кілттері табысталды

    1 year ago
    Президент: «2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды»

    Президент: «2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды»

    1 month ago
    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>