Жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның саяси, әлеуметтік және құқықтық даму бағыттарын жаңғыртуға арналған кешенді құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау басты басымдық ретінде айқындалып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту көзделген.
Құжатта адам құқықтарының конституциялық деңгейде нақты бекітілуі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды кепілі ретінде қарастырылған. Бұл әрбір азаматтың заң алдындағы қорғалуын күшейтіп, құқықтық мәдениетті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Конституция жобасы қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті негізгі құндылықтар қатарына енгізеді. Ұлтаралық және дінаралық татулық ел бірлігінің берік негізі ретінде айқындалып, ортақ жауапкершілік қағидаттары күшейтіледі.
Жаңа жобада азаматтардың қоғамдық және саяси үдерістерге қатысу аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінген. Жергілікті басқару деңгейінде шешім қабылдауға қатысу мүмкіндіктерінің артуы демократиялық институттардың дамуына оң ықпал етеді.
Лариса КОТЕЛЬНИКОВА,
«Қазақстан орыс, славян және казак
ұйымдарының қауымдастығы»
заңды тұлғалар бірлестігі
Алматы облыстық филиалының төрағасы




