Жаңа Конституция жобасының жариялануы Қазақстанның құқықтық жүйесін заманауи талаптарға бейімдеуге бағытталған маңызды қадам саналады. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі құндылығы ретінде белгіленген.
Конституциялық нормаларда азаматтардың заңды мүдделерін қорғау тетіктерінің күшейтілуі қоғам үшін оң өзгерістер әкелмек. Бұл құқықтық қауіпсіздікті арттырып, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтады. Сонымен бірге жоба бірлік пен келісім идеясын алдыңғы қатарға шығарады. Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық үйлесім мемлекеттіліктің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын кеңейту мәселесі де назардан тыс қалмаған. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы халық пен билік арасындағы өзара байланыс күшейе түседі. Осылайша, Конституция жобасы әлеуметтік әділеттілік пен құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі құжат ретінде бағаланады.
Надо НАДЫРОВ,
Еңбекшіқазақ аудандық күрд этномәдени орталығының төрағасы




