⛅
-0°C
Қонаев
Сейсенбі, Ақпан 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституция – ел тұрақтылығын нығайтады

    09.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз, Саясат
    Жаңа Конституция – ел тұрақтылығын нығайтады
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Биыл жыл басы еліміз үшін бірқатар тарихи оқиғалармен есте қалды. Солардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – арнайы Комиссияның жұмысы аясында әзірленіп, қоғам талқысына ұсынылған жаңа Конституция жобасы.
    Бүгінде бұл құжатты өңірлерде ашық әрі жан-жақты түсіндіру айрықша маңызға ие. Себебі Конституция жобасы еліміздегі қазіргі саяси және экономикалық өзгерістерді айқын көрсетіп, Қазақстанның алдағы даму бағытын айқындайтын жаңа бағдарларды бекітеді. Менің ойымша, бұл – болашаққа бағытталған, прогрессивті жоба. Онда адам капиталына ерекше мән беріліп, мемлекеттің стратегиялық дамуының негізгі өзегі ретінде қарастырылған. Құжатта мемлекет қызметінің ұзақ мерзімді әрі жүйелі бағыты нақты айқындалады. Атап айтқанда, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты тетік ретінде көрініс тапқан. Бұл басқару үлгісі билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін сақтай отырып, халық алдындағы жауапкершілікті күшейтеді.
    Өңірлерде конституциялық реформаны қолдау белсенді түрде жүріп жатыр. Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің басты басымдығы – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау екені нақты көрсетілген. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік ел дамуының негізгі факторы ретінде айқындалған. Бұл – қоғамды біріктіретін, жауапты әрі жасампаз патриотизм қағидаттарын нығайтатын маңызды қадам.
    Мен үшін аса маңыздысы – жаңа Конституция жобасында мемлекеттің орнықты дамуына баса назар аударылуы. Бұл Қазақстан халқының, әрбір азаматтың ел үшін стратегиялық ресурс екенін мойындау деген сөз. Яғни, мемлекет дамуының түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, болашақ ұрпақ үшін берік әрі әділетті қоғам қалыптастыру. Жаңа Конституция – ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтып, Қазақстанның жарқын болашағына бастайтын маңызды құжат.

    Ләззат Байдуанова,
    ҚР Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының әдебиеттерді ғылыми өңдеу бөлімшесінің басшысы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

    Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

    8 months ago
    Облыс әкімі сумо шеберімен кездесті

    Облыс әкімі сумо шеберімен кездесті

    8 months ago
    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    1 year ago
    Алматы облысында «Әйел аманаты» атты кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті

    В Алматинской области прошла встреча женщин-предпринимателей “Әйел аманаты”

    4 months ago
    Ұлттық құрылтай: Қазақстанда жаңа консультативтік орган құрылады

    Ұлттық құрылтай: Қазақстанда жаңа консультативтік орган құрылады

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>