⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Көктемгі аңшылық маусымының ашылуы

    27.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Көктемгі аңшылық маусымының ашылуы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Көктем – табиғаттың жаңару кезеңі, аң-құстардың көбейіп, тіршіліктің жандана түсетін шағы. Бұл мезгілдегі аңшылықтың да өз ерекшелігі бар. Қазақстанда көктемгі аңшылық қоныс аударатын суда жүзетін құстарға, әсіресе үйрек пен қазға жүргізіледі. Көктемгі аңшылық күзгі түрінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл маусымда аңшылық уақыты шектеулі және белгілі бір ережеге бағынады. Осы орайда Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 27 ақпандағы бұйрығының негізінде облыс аумағында көктемгі аңшылық маусымы ашылғанын хабарлаймыз. Мұндағы негізгі мақсат – табиғи тепе-теңдікті сақтау, құстардың көбеюіне мүмкіндік беру. Сондықтан көктемгі аңшылық тек белгілі бір мерзімде және арнайы рұқсатпен жүргізіледі. Елімізде көктемгі аңшылыққа қатысты қатаң ережелер бар. Ереже бойынша тек белгіленген бір уақыт аралығында ғана аң аулауға рұқсат етіледі. Қызыл кітапқа енген немесе сирек кездесетін құстарды аулауға тыйым салынады. Рұқсатсыз немесе заңсыз аңшылық жасағандарға тиісті хаттама толтырылып, айыппұл жазылады. Осыған байланысты тиісті мекемелер тарапынан аңшылық маусымының мерзімі мен ережелері үнемі қадағаланып отырады. Аңшылық жасау, аңға шығу – халқымыздың ежелден келе жатқан кәсібі әрі дәстүрімізге де кеңінен еніп кеткен. Дегенмен аңшылықты табиғатқа зиян келтірмей, заң аясында жүргізу – әрбір адам баласының ортақ міндеті!

    Нұрлан ОРМАНБЕКОВ,

    Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

    аумақтық инспекциясының бас маманы

    Ұсынымдар

    ТӘҢІРТАУ ҚҰПИЯЛАРЫ

    ТӘҢІРТАУ ҚҰПИЯЛАРЫ

    7 months ago
    Жастарды жат ағымнан сақтайық!

    Жастарды жат ағымнан сақтайық!

    2 years ago
    Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті

    Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті

    1 year ago
    ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ  ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: қауіп пен мүмкіндік

    ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: қауіп пен мүмкіндік

    4 months ago
    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК РУХЫ

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>