⛅
13°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Әйел – өмірдің шуағы, қоғамның тірегі

    08.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Әйел – өмірдің шуағы, қоғамның тірегі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – мейірім мен сұлулықтың, нәзіктік пен парасаттылықтың мерекесі. Бұл күн – аналар мен аруларға, қыз-келіншектерге деген құрмет пен алғысымызды білдіретін ерекше мейрам.

    Осы айтулы мерекеге орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімінің командирі, полковник Алқайдаров Сағындық Ахмадиұлы әскери қызметтегі және еліміздің дамуына үлес қосып жүрген барлық әйелдерді шын жүректен құттықтайды.

    Бүгінде әйелдер қоғамның барлық саласында белсенді еңбек етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Әсіресе, әскери салада қызмет атқарып жүрген аруларымыздың орны ерекше. Олар ер-азаматтармен қатар Отан алдындағы борышын адал атқарып, әскери тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп келеді. Әскери қызметтегі нәзік жандылар батылдық пен төзімділіктің, кәсібилік пен табандылықтың жарқын үлгісін танытып, әскери ұжымның абыройын асқақтатуда.

    6654 әскери бөлімінде де әйел әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер маңызды міндеттерді атқарып келеді. Олар әскери бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігіне белсене араласып, тәртіп пен ұйымшылдықтың сақталуына, жас сарбаздарды тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда.

    Қадірлі аналар, ардақты арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын!

    Сағындық Ахмадиұлы Алқайдаров,

    6654 әскери бөлім командирі,

    полковник

    Соңғы жаңалықтар

    Әйел – өмірдің шуағы, қоғамның тірегі
    08.03.2026
    Мереке қарсаңында ғылымдағы әйелдер пәтерлі болды
    07.03.2026
    Қонаев гарнизонында роталық тактикалық оқу-жаттығу өтті
    07.03.2026
    Алматы облысында Жаңа Конституцияны қолдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
    07.03.2026
    Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар
    07.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>