Алатау қаласының тұрғындары үшін жағымды жаңалық! Қала ішінде №1 және №2 жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды. Осыған орай жаңа бағыттардың ашылу рәсімі өтіп, шараға қала әкімі мен қала ақсақалдары қатысты.
Жаңа маршруттар Құйған – Еңбек – Жаңа Арна – Али – Жаңалық саяжайлары – Байсерке – Жаңа Талап – Жаңа Дәуір – Қоянқұс – Gate City – Өтеген батыр – Еркін ауыл бағыттарын қамтиды. Бұл бағыттар қала мен оған іргелес елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетіп, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайды.
Салтанатты рәсім барысында қала ақсақалдары жаңа қоғамдық көліктерге ақ батасын беріп, тұрғындардың игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді. Қала әкімі өз сөзінде тұрғындардың сұранысын ескере отырып, қоғамдық көлік қатынасын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Жаңа маршруттардың іске қосылуы – қала инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Алатау қаласында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.



