⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Авиафестиваль: Байсерке аспаны думанға бөленеді

    13.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Авиафестиваль: Байсерке аспаны думанға бөленеді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар ауданы Еркін ауылындағы Байсерке әуе айлағында алда өтетін авиафестиваль қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды. «Адам және ғарыш» деп аталатын ауқымды шараның бағдарламасы таныстырылып, мамандар әуе шоуының ерекшеліктері туралы кеңінен әңгімеледі. Аталған фестиваль адамзаттың ғарышқа алғаш рет ұшқанына 65 жыл толуына және Авиация мен ғарыш күніне орай өткізіледі.

     

    Кездесу барысында алғашқы сөз кезегін алған Қазақстанның шағын авиация қауымдастығының президенті Өмірбек Кеңесбаев шараның басты мақсаты – авиацияға деген қызығушылықты арттырып, әуе кеңістігінің мүмкіндігін тек облыс тұрғындарына ғана емес, еліміздің басқа өңірлері мен шетелдік қонақтарға да көрсету екенін атап өтті.

    • Біздің мақсатымыз – адамдардың авиацияға деген қызығушылығын арттыру. Шағын ұшақ тек көлік құралы ғана емес, белсенді демалыс, спорт және туризмнің бір бөлігі екенін көрсету. Адамзаттың ғарышқа алғаш ұшқанына 65 жыл толуы – әлемдік дегейдегі үлкен мерейтой. Осыған орай фестивальге қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов арнайы келеді деп күтілуде, – деді ол.

    Бұдан кейін «Visit Alatau» ақпараттық орталығы директорының орынбасары Асқар Қасенов өңірде туризмді дамытуда мұндай ірі шаралардың маңызы зор екенін тілге тиек етті. Оның пікірінше, халықаралық деңгейдегі авиациялық фестивальдер туристік әлеуетімізді арттырып, өңірге келетін қонақтар санын көбейтуге мүмкіндік береді. Баспасөз конференциясында «Тянь-Шань» авиациялық ұшу орталығы компаниясының бас директоры Владимир Анцупов әуе бағдарламасының мазмұнына тоқталды. Фестиваль аясында тәжірибелі ұшқыштар әуе техникасының мүмкіндігін паш етіп, көрерменге әсерлі көрініс ұсынбақ.

    Пресс-тур барысында «Отан» әуе клубының басшысы Юрий Ельцов та ой-пікірін ортаға салды. Авиация саласында 1973 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Достық халықтары» орденінің және «Құрметті авиатор» төсбелгісінің иегері Юрий Сергеевич өз сөзінде:

    • Авиациялық-техникалық спорт түрлері – тек ұшақтар мен тікұшақтар ғана емес, тұтас бір әлем деп айтуға әбден болады. Оның ішінде авиамодель де, парашют спорты да бар. Біздің міндетіміз – жастардың авиацияға қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік рух қалыптастыру, – деді.

    Баспасөз мәжілісін қорытындылаған авиафестивальдің ұйымдастырушысы Аэлита Федорова алдағы шараның мазмұны мен бағдарламасы туралы кеңінен әңгімеледі. Оның сөзінше, фестиваль отбасылық демалысқа арналған үлкен мәдени-ойын-сауық алаңына айналмақ.

    • Шара аясында ашық аспан астындағы авиациялық музей, балаларға арналған анимациялық бағдарламалар, шеберлік сабақтары мен интерактивті ойын алаңдары жұмыс істейді. Бұдан бөлек, концерттік бағдарлама, фудкорттар және демалыс аймақтары да қарастырылған, – деді.

    Баспасөз мәжілісінен кейін ұйымдастырушылар журналистерге ұшақтардың дайындығын көрсетіп, ауқымды шара өтетін аймақты толық таныстырды. Олардың  айтуынша, Байсерке аспанын асқақ көңіл-күйге бөлейтін ауқымды шара қонақтарға тек әсерлі көрініс сыйлап қана қоймай, авиациялық әлеуетті көтеріп, өңір туризмін арттыруға мол мүмкіндік бермек.

    Құралбек Сәбитов

    Талғар ауданы

     

    1 of 1
    - +

    1.

    Соңғы жаңалықтар

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
    13.03.2026
    Жамбыл ауданының Шиен ауылында екі бірдей жаңа нысан пайдалануға берілді
    13.03.2026
    Өрт сөндіру бекеті ашылды
    13.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    13.03.2026
    Ел қуанышы еселенді
    13.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>