☀️
10°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қырағы шекарашылар

    18.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Қырағы шекарашылар
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгінде аға лейтенант Дәулет Өскенбаев басқаратын «Қастек» шекара бөлімшесі – ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасындағы қызметі қарбаластан тұратын учаскелердің бірін күзетеді. Бұған осы аумақта жиі қолға түсетін шекара режимін бұзушылар мен барымташылар дәлел бола алады. Мәселен, биылғы жыл басынан бері қастектік шекарашылар алдымен 38 бас жылқыны көрші елге заңсыз өткізбекші болған екі адамды ұстады. Бұл бөлімшеден 22 шақырым жердегі Қоңыртөбе тауының Жаңақастек сайында орын алған. Ал 25 қаңтар күні шекара наряды 13 жылқыны қолды болудан аман сақтап қалды. Ал барымташылар ұстатпай кетті. Кейіннен анықталғандай, жылқыларды айдап бара жатқан барымташылар келе жатқан шекарашыларды алыстан байқап қалып, іздерін суытып үлгеріпті.

    Сонымен қатар, шекарашылар шекара режимін бұзған төрт қазақстандық азаматты ұстап, әкімішілік жауапкершілікке тартты. Айта кетерлігі, кешегі келмеске кеткен Кеңес Одағы кезінде Шахтысай деген алтын өндіріліпті. Кейін жабылып қалған осы жаққа соңғы кездері көз тігушілердің қатары көбейген көрінеді… Сондықтан, қырағылықтарын күшейткен шекарашылар қызметтерін жыл он екі ай қазақ-қырғыз шекарасының бойындағы шекаралық жылыту бекетінде жалғастырып келеді.

    Аға лейтенант Д.Өскенбаев бізбен сұхбатында: «Өткен жылдың жаз айларында Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының инженерлері 25 шақырымға бағандар орнатып, сым тартты. Желтоқсан айында бейнебақылау камерасы орнатылды. Осы камера арқылы біз шекараның 13 шақырымын бақылап отыруға мүмкіндік алдық. Бұған қоса, шекараны қорғауға «Соболь» автокөлігі қолданылады. Оған орнатылған мобильді оптикалық-электронды жүйелер шекараны тәулік бойы күні-түні, тіпті қолайсыз ауа-райында да бақылауға мүмкіндік береді. Ел шебінде қозғалған кез келген бейне – адамның сұлбасы, техникаларды қалт жібермейді.

    Тағы бір жаңалық, шекара нарядтары бейнежетонмен жабдықталған. Әзірге біздің бөлімшеге ғана берілген бұл құрылғы шекара наряды қызметке шыққан сәттен бастап, үздіксіз бейне және аудио жазу жүргізеді. Бұл – кез келген оқиғаның – мысалы шекара бұзушыны ұстау  немесе тексеру кезінде қалай өткенін нақты көруге мүмкіндік береді. Әсіресе барымташылармен арадағы даулы жағдай туған жағдайда, жазба сотта немесе қызметтік тексеруде басты айғақ ретінде жүреді. Осылай ету арқылы біз шекарашылардың құқығын қорғаймыз», – деді.

    Офицерден тағы білгеніміз, шекара бөлімшесіне Францияда жасап шығарылған екі қар шанасы беріліпті. «Өйткені, біз күзететін тауға түскен қардың қалыңдығы бір жарым метрге дейін жетеді. Сондықтан, техника жүре алмайтын жерлерде қар шанасы таптырмас көлік», дейді аға лейтенант Дәулет Өскенбаев.

    …Әрі қарай, біз бөлімше бастығының орынбасары лейтенант Зайр Хамзахунов басқарған шекара нарядымен бірге ел шебіне аттандық. Нарядтың құрамына кірген мерзімді қызметтің қатардағы жауынгерлері Нұржан Өмірзақ пен Руслан Абдиев шекарашылар сапына 2025 жыздың күзінде алыныпты. Мұнда қаңтар айында келгендерін айтады. Айтпақшы, бізді шекара шебіне жылдам жеткізген «JAC» автокөлігі шекара бөлімшесінің департаменттегі даралардың көшін бастап тұрғаны үшін беріліпті. Айта кетерлігі, өткен жылды айшықты оқиғалармен аяқтағаны үшін ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің «Үздік шекара бөлімшесі» номинациясын жеңіп алған қастектік шекарашылар биыл да жеңісті қолдан бермекші емес…

    Шекаралық жылыту бекетіне дейінгі аумақты барлаған шекара нарядының қызметін суретке түсіруге кірістік. Бұл кезде шекара бойы тыныштықтың құшағында жатқан. Дегенмен, бұл – шекарашылар үшін қауіпті тыныштық… Өйткені, шекара аймағында құжатсыз жүрген азаматтар кез келген сәтте кездесуі мүмкін. Тау ішінде өз бетінше жайылып жүрген жылқылар мен ірі қараларға көздерін «тіккен» барымташылар екібастан. Сосын да шекарашылар тыныштыққа сенбейді.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,  

    ҰҚК Шекара қызметі

    Алматы облысы бойынша департаментінің

    баспасөз хатшысы.

    Сарбаздар

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Соңғы жаңалықтар

    Құстарға қамқорлық
    18.03.2026
    ШАҢЫРАҚ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
    18.03.2026
    Кегендегі қоныс тойы
    18.03.2026
    Сабақ сапасын арттырады
    18.03.2026
    ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>